Саясат

СІМ: кепілгерлер Сирияда төрт деэскалация аймағын іске қосуға ниеттенді

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуСириялық қаладағы жағдай
Сириялық қаладағы жағдай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Астаны-6" басты қорытындысы сириялық Идлибтегі қақтығыстың төрт деэскалация аймағын іске қосу болуы мүмкін

АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. Сириядағы шиеленісті азайту аймақтары саны үштен төртке артуы керек, кепілгер мемлекеттер осыған бел буып отыр, деді Қазақстанның СІМ Азия және Африка департаментінің директоры Айдарбек Тұматов.

Оның айтуынша, соңғы екі күнде кепілгер мемлекеттер арасында деэслакация аймақтарын құрудың техникалық жақтарын туралы процесс жайында келіссөздер жүргізілді. Бүгінгі таңда осы мәселеге қатысты бірқатар құжаттар дайындалып жатыр.

бітімгер - Sputnik Қазақстан
Саясат
Елбасы Сириядағы ахуалды реттеу үшін әскерилер жіберуге қатысты пікір білдірді

"Бұл аймақтардың құрылуын реттеу керек. Оған қоса, бірқатар құжаттар қабылдау көзделіп отыр. Дәл қазір пленарлық отырыс сағат 15.00 қойылғаны белгілі болды, себебі мәселе әлі де қарастырылып жатыр", — деді Тұматов.
Ол сонымен қатар, пленарлық отырыс барысында кепілгер мемлекеттердің өтініштері қабылданады. Барлық қатысушылар келіссөздердің осы кезеңінен нақты нәтиже күтіп отырғанын атап өтті, министр. 
Дмитрий Егорченков - Sputnik Қазақстан
Саясат
Егорченков: Идлибтегі деэскалация Сириядағы жаңа сайлауды бастауы мүмкін
Бүгінгі таңда Сирияда үш деэскалация аймағы құрылды: Хомс қаласынан солтүстікке қарай, Дамаск қаласының маңында – Шығыс Гута ауданында, сонымен қатар, Сирия мен Иордания шекарасындағы – Дераа провинциясында. Оған қоса, Идлиб провинциясында тағы бір деэскалация аймағын іске қосуға қатысты жұмыстар атқарылып жатыр. 



Жаңалықтар
0