Саясат

Егорченков: Идлибтегі деэскалация Сириядағы жаңа сайлауды бастауы мүмкін

Жазылу
Астанада Сириядағы ахуалды реттеу бойынша процестің алтыншы раунды басталды. Ресей халықтар достығы университеті Стратегиялық зерттеулер мен болжамдар институты таяу шығыс зерттеулері директоры Дмитрий Егорченковтың пікірінше, "Астана-6" кейін Сирияда басқару жүйесі реформалануы мүмкін
Егорченков: деэскалация в Идлибе может привести к новым выборам в Сирии

Астанада негізгі келіссөздер барысында 14-15 қыркүйекте тараптар Идлибтегі басқару күштері құрамы бойынша өзара келісу туралы жұмыстарды жалғастырып, деэскалацияны бақылау күштерінің қызметін көрсететін бірқатар құжатты қарастырады.

Дмитрий Егорченков түсіндіріп өткендей, Сирия провинциясы Идлибте оппозициялық күштердің басым көпшілігі жинақталған, сол себепті әртүрлі қаруланған топтар арасында қақтығыстар жалғасуда.

"Идлиб провинциясындағы бітімгершілік азаматтық соғысқа соңғы нүкте қоймаса да, толыққанды саяси процес бастауға мықты негіз болмақ. Яғни, Сирияда басқару жүйесі реформаланып, жаңа сайлау өтіп, Жаңа Конститутция қабылдануы ықтимал, меніңше, бұл өте маңызды", — деп атап өтті Дмитрий Егорченков.

Жаңалықтар
0