Саясат

Елбасы Сириядағы ахуалды реттеу үшін әскерилер жіберуге қатысты пікір білдірді

© Photo : Минобороны Казахстанабітімгер
бітімгер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан бітімгерлерін Сирияға БҰҰ шешімімен ғана жібере алады

АСТАНА, 14 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық бітімгерлер Сириядағы деэскалация аймақтарына жіберіледі ме деген сұраққа жауап берді.

"Бізге қойылған бір сұрақ бар: деэскалацияға қатысу. Біріншіден, біздің Конститутцияға сәйкес, ол аймаққа парламенттің шешімімен ғана жөнелте аламыз. Екіншіден, ҰҚШҰ жарлығы бойынша мұндай ахуалдарға араласу қарастырылмаған… Бірақ БҰҰ қандай да бір күштерді жіберу туралы шешім шығарса, біз БҰҰ мүшесі ретінде әскерилерімізді аттандыруға тиіс боламыз", — деді Назарбаев Ақордадағы баспасөз мәслихатында.

Жаздың басында Мәскеу қазақстандық және қырғызстандық әскери қызметкерлерді Сириядағы ахуалды реттеу үшін жіберуді ұсынған болатын. Алайда Қазақстан СІМ сол кезде мәлімдегендей, әскерилерді сириялық қақтығыс аймағына жіберу туралы келіссөздер жүріп жатқан жоқ.

Жаңалықтар
0