Оқиға

Павлодарда трамвай қаққан қыз бала есін жинай бастады

© Sputnik / Михаил Фомичев / Медиабанкке өтуОперация барысы
Операция барысы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зардап шеккен екінші сынып оқушысының жағдайы ауыр, әлі де жансақтау бөлімінде жатыр

АСТАНА, 8 қыркүйек — Sputnik. Павлодарлық трамвайдың астында қалған сегіз жасар қыз бала есін жинап, айналадағы жағдайға мән бере бастады, деп хабарлады Sputnik Казахстан тілшілеріне Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Мұхамадиева.

Жол апаты 7 қыркүйекте, сағат 07:43 Ломов және Катаев көшелерінің қиылысында орын алған.  Тоғыз және сегіз жасар екі қыз баланы трамвай қағып кеткен. Балалардың үлкені оқиға орнында қайтыс болып, кішісі ауруханаға жеткізілді. 

Кішкентай қыз әлі де жан сақтау бөлімінде болады. Дәрігерлер бірер күннің ішінде оны жалпы палатаға көшіруге үміттенеді. 

Трамвай - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Павлодарда трамвай екі қызды соғып кетіп, біреуі оқиға орнында қайтыс болды

"Типичный Павлодар" жазылушылары хабарлағандай, қайтыс болған қыз баланың отбасына қала тұрғындары ақша апарып беруде. Бұл ақшаға оларға арналған пәтер сатып алу жоспарланып отыр. 

"Бөтен адамдар, ұйымдар, басқа мектептің ата-аналары келіп жатыр. Сонымен қатар, олар "Добряки Павлодара" клубында бір жарым миллион теңге ақша жиналғаны айтылды. Барлығының көздеген мақсаты бір – отбасына пәтер алып беру, — деп хабарлады қайтыс болған Нұржиян Батесова оқыған мектептің директоры. 

Оның айтуынша, мектеп оқушының жерлеу рәсімін өз мойнына алады. Себебі, жалғыз басты ана үш баланы тәрбиелеп отыр. Қайтыс болған қыз бала – төртінші сыныпта оқыған. Ал оның жан сақтау бөлімінде жатқан сіңілісі – екінші сыныпта оқиды.  Отбасындағы үшінші бала қыркүйек айында екі жасқа толады. Отағасы екі жыл бұрын қайғылы оқиға салдарынан қайтыс болған. Асыраушысыз қалған, жалғыз басты ана  жатақханада бөлме жалдап тұрады. Қалалық трамвай басқармасы да өз тарапынан көмек көрсетуде уәде беріп отыр. 

Жансақтау бөлімі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада Lexus қағып кеткен қыздардың бірі комаға түсті

"Жол апаты бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды", — деп хабарлайды облыстық ІІД. 

Трамвай жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Санкция бойынша бес жыл бас бостандығынан айыру қарастырылған. 


Жаңалықтар
0