Оқиға

Бразилияда қазақстандық қыз есірткі тасымалдау айыбы бойынша ақталды

© Sputnik / Медиабанкке өтусотталған әйел
сотталған әйел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жас қарағандылық Сан-Паулуда екі келі кокаинмен ұсталы. Оның сөзіне қарағанда, ол біреуің өтінішімен гауһар тас алып кее жатырмын деп ойлаған

АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Қазақстандық дипломаттар есірткі тасымалдауда айыпталған 21 жасар қазақстандық қызды ақтап шықты, деп хабарлады өзінің Facebook желісіндегі парақшасында ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов.

Ақжаркын Тұрлыбай - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қазақстан Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтаруға тырысады

Жайнақовтың сөзіне қарағанда бұл оқиға 2017 жылдың 6 ақпанында басталған. 

Сол күні Сан-Паулу қаласының полиция қызметкерлері Қазақстанның Бразилиядағы елшілігіне есірткі контрабандасы бойынша 1996 жылы туған қазақстандық, Қарағанды қаласы тұрғыны Славяна Миневскаяның ұсталғаны туралы хабар берген.

8 ақпанда Қазақстан Елшілігі консул мен ұсталған бойжеткеннің кездесу мүмкіндігіне қол жеткізді. Жүздесуде бойжеткен туған-туыстарының телефон нөмірін беріп, қалайша осы жағдайға тап болып қалғанын түсіндіріп берген. 

Ең алдымен қазақстандық дипломаттар қздың туған-туыстарына қызыдың ұсталғаны турады баяндап, содан кейін отандасымызға құқықтық көмек көрсету жолдарын қарастырған.

Қазақстандықтар Мысырдан еліне оралды - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Мысырда ұсталған қазақстандықтар Алматыға оралды

Сол күні алдын ала тыңдау болды. Қалалық сот қазақстандықты сот басталғанға дейін Сан-Паулудағы түзету мекемесінде ұстау туралы шешім шығарған. Дипломаттар анықтағандай, Қарағанды қаласының тұрғыны Славянаның сеніміне кіріп, 4 мың АҚШ долларға Бразилияға гауһар бұйымдарды жеткізіп беруді сұраған. 

Бұған келіскен бойжеткен Сан-Паулуға ұшып келеді. Бойжеткенді белгісіз үйге қамап ұстап, еркін жүріп-тұруын шектеген. Арада екі апта өткеннен кейін бір сағат бұрын ғана оған чемодан ұстатып, Ереванға ұшу керектігін бұйырған.

Әуежайға кіре берісте оны полиция қызметкерлері ұстап, чемоданның ішіндегі жасырылған есірткі затын анықтады. 

Жас қыздың қылмыстық жоспардың құрбаны болғанын болжаған ҚР СІМ Қазақстанға сұрау жолдап, "тапсырыс берушіні" тексеруді өтінген. 

Құқық қорғаушылар жедел әрекет жасап, қарағандылықтың ізіне түскен. Сөйтсе, бірнеше күн бұрын ғана тапсырыс берген 25 жастағы бойжеткен осы қылмысқа ұқсас баппен 6 жыл 8 айға сотталып кетіпті. Қазақстандық дипломаттар қылмыстық істің материалдарын португал тіліне аударып, Бразилиядағы тергеу органдарына тапсырған. 

Қыздың бейнесі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бахрейнде жоғалып кеткен қазақстандық қыз елге оралды

Жетінші тамызда Славянаның соты болып, оның 15 жылға дейін сотталып кету қауіп туындаған еді.

Қазақстандық тараптан келген қылмыстық іс материалдарын зерттей келе, бразилиялық сот қазақстандық бойжеткенді босату туралы шешім шығарды. Ұсталған кезінен бастап қазақстандық консул Славянаға бірнеше рет барып, жалпы жағдайын бақылауда ұстады. Қазір ол Сан-Паулуда. Жуық арада Қазақстанға қайтып келеді. 

"Өкінішке орай, Славяна Бразилияда ұсталған жалғыз қазақстандық емес. Бұған дейін дәл осыған ұқсас қылмыспен Сан-Паулу әуежайында 20 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны ұсталып, 30 мамырдағы Бразилия сотының үкімімен 7 жылға сотталып кеткен", — деп атап өтті Жайнақов.

 Қазіргі таңда Қазақстанның сыртқы істер министрлігі бұл істі қайта қаратуға күш салып жатыр. Апелляциялық соттың отырысы болады деп күтіледі, ісі қарау күні әзірге белгіленген жоқ. 


Жаңалықтар
0