Оқиға

Қазақстан Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтаруға тырысады

© Photo : аккаунт Акжаркын Турлыбай в соцсетяхАқжаркын Тұрлыбай
Ақжаркын Тұрлыбай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақжарқын Тұрлыбайды есірткі контрабандасы үшін сотталып, қытай түрмесінде отырғанына 2,5 жыл болды.

АСТАНА, 1 қар – Sputnik. Қазақстандық дипломаттар Қытайда есірткі контрабандасы үшін сотталған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайды қайтаруға тырысады, деп мәлім етті Қазақстанның Қытайдағы төтенше және өкілетті елшісі Шахрат Нұрышев. 

Сот залы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ҚХР-да сотталған Ақжарқын Тұрсынбайдың ісі бойынша сот отырысы қазан айына белгіленді

Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Гуанчжоу әуежайында есірткі заттарын тасымалдады деген күдікпен ұсталған болатын. Осы  жылғы маусымда сот 21 жасар қызды ірі көлемде есірткі контрабандасында кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыруға соттады. Апелляциялық инстанция соты өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкімді жойды. Іс бойынша қайта тыңдау 2 қарашаға жоспарланды.  

"Ақжарқын Тұрлыбайды экстрадициялау үшін, сот үкімі шығуы тиіс. Сот шешімінсіз экстрадиция мүмкін емес. Осыдан кейін оны Қазақстанға қайтарылуы үшін қолдан келгеннің барлығын жасаймыз, үміт бар", — деді Нұрышев брифинг барысында.

2015 жылғы тамыздан бері дипломаттардың көмегімен Қазақстанның құқық қорғау органдарына Қытайда сотталған 12 адамды берілді. 

Нұрышевтің мәліметтеріне сәйкес, тағы 12 адамды алдыру жоспарланып отыр.

"Тағы үш азаматтың жаза мерзімі 2016 жылдың соңы мен 2017 жылдың басында бітеді. Қазақстанның үш азаматы ҚХР тергеу изоляторларында сот шешімін күтіп жатыр, оның ішінде Ақжарқын Тұрлыбай да бар", — деп түсіндірді дипломат. 

 

Жаңалықтар
0