Қоғам

ҚХР-да сотталған Ақжарқын Тұрсынбайдың ісі бойынша сот отырысы қазан айына белгіленді

© AP Photo/Thomas KienzleСот залы
Сот залы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан азаматшасына есірткі контрабандасымен айналысқан деп айып тағылып, бастапқыда өмір бойына бас бостандығынан айыру үкімі шығарылған болатын. Кейіннен үкімнің күші жойылды.

АСТАНА, 3 қаз — Sputnik. Қытайда есірткі контрабандасымен айналысты деп сотталған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша сот отырысы 25 қазанда өтеді деп адвокаты Сұңқар Нұрмағанбетов WhatsApp мессенджеріндегі тілшілер тобында хабарлады.

Бұдан бұрын апелляциялық инстанция соты есірткі контрабандасымен айналысқаны үшін Тұрлыбайды өмір бойына бас бостандығынан айыру үкімінің күшін жойған болатын.

"ҚР азаматшасы Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі қаралатын сот отырысы ҚХР Гуанчжоу сотында 2016 жылы 25 қазанда болады" – деп хабарлайды адвокат.

Барлық мүдделі тұлғалар сот отырысы туралы естіді, сотқа қорғаушы  тарап, Тұрлыбайдың туған-туыстары және Қазақстанның ішкі істер министрлігі қатысады.     

"Қорғаушы тарап қылмыстық іс қаралған соң, сот үкімі бойынша кешірім беріледі деп үміттенеді. Қолдау көрсеткен барлық жандарға үлкен алғысымызды білдіреміз " – деп Нұрмағамбетов сөзін аяқтады.

Тұрлыбай 2014 жылы наурыз айында Гуанчжоу қаласы әуежайында есірткі тасымалдап жүр деген күдікпен қамауға алынған болатын. 2015 жылы маусым айында сот қызға көп мөлшерде есірткі тасымалымен айналысты деген айып тағып, өмір бойына бас бостандығынан айырған еді. Апелляциялық инстанция соты өмір бойына бас бостандығынан айыру үкімінің күшін жойды.

Жаңалықтар
0