Қоғам

Мысырда ұсталған қазақстандықтар Алматыға оралды

© Photo : аккаунт Ануара Жайнакова в FacebookҚазақстандықтар Мысырдан еліне оралды
Қазақстандықтар Мысырдан еліне оралды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Абылайхан атындағы университеттің екі магистранты 11 шілдеде Каирге екі айлық тіл курсынан өтуге барған

АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Мысырда ұсталған қазақстандықтар елге оралды. Борт Алматы әуежайына қонды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Еліміздің барлық алты азаматы бүгін Мысырдан өз еліне аман-есен оралды. Қазір олар өз үйлеріне туыстары мен жақындарына бара жатыр", — деп жазды ҚР СІМ ресми өкілі Әнуар Жайнақов өзінің Facebook жеісіндегі парақшасында.

"Бізге телефон соғуға бір-ақ рет рұқсат берді, оның өзінде ата-анасына, 15 секундқа, аман-есен екендерін айтуға. Бітті, одан кейін біз олармен сөйлеспедік. (…) Қанат Берік – менің жиенім, Еламан Жазылхан – оның досы. Олар бірге магистратурада оқиды", — деді Алхат Жарылқасынов. 

Еске сала кетейік, Абылайхан атындағы университеттің екі магистранты 11 шілдеде Каирге екі айлық тіл курсынан өтуге барған. Олар сол білім беру мекемесінде оқитын тағы төрт қазақстандық студентпен бірге бір пәтерде тұрады. 20 шілдеде олармен байланыс үзілген. 25 шілдеде алтауын да Мысыр полициясы ұстағаны белгілі болды. Бірақ әлі күнге дейін отандастарымызды не үшін ұстағаны белгісіз. 

Жаңалықтар
0