АСТАНА, 17 тамыз – Sputnik, Дмитрий Покидаев. "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" басқарма басшысы Ләззат Ибрагимова 140 мың теңге болатын еңбек ақысы оның қарамағындағы ведомство жүйесіндегі тұрғын үй жинақтарына жеткілікті деп есептейді.
Ләззат Ибрагимованың есептеуі бойынша, орта статистикалық есепте 140-150 мың теңге болатын еңбек ақысы бар қазақстандық азаматтардың "тұрғын үй" депозитіне ай сайын 40 мың теңгеден төлем жасауға мүмкіндігі бар. 12 ай көлемінде жинақталған 480 мың теңгеге
Жыл аяғын 96 мың теңгені құрайтын мемлекеттік сыйақы қосылады, оған қоса, екі пайызды ТҚЖБ қосады. Қорытындысында, бір жыл ішінде депозитте 600 мың жиналады, ал үш жыл ішінде бұл сома пәтердің алғашқы жарнасын төлеуге мүмкіндік беретін 1,8 миллион теңгені құрайды.
"Әрине, ол адам (140 мың теңге еңбек ақысы бар ТҚЖБ клиенті) барлық нәрседен – кафе, ресторан, көңілді отырыстардан үнемдеуі керек. Бұл жерде пәтер алу немесе көңілді кештерге бару жөніндегі таңдау тұрады", — дейді Ләззат Ибрагимова. Бұл ретте, шындығында, осындай 140 мың теңге еңбек ақысы бар адамның алғашқы жарнаны жинақтауға қажеті үш жыл ішінде қандай жерде тұратыны жайындағы мәселе ашық күйінде қалды. Себебі, Астана қаласында осы секілді тұрғын үй бағдарламасы қатысушыларының жалдамалы пәтер ақысын бергеннен кейін, ТҚЖБ қырық мыңдық жарнасын төлеуге е мүмкіндігі қалмайды. Сондықтан да, мұндай еңбек ақысы бар адамдар үшін "ешқандай кафе, ресторан, көңілді кештер" деген пікір тіпті қатысты болмайды: себебі, олардың көңілді кештерге баратын ақшасы да қалмайды.
Жалға берілетін баспана баршаға арналмаған
"Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бұл мәселенің өзектілігін шешу үшін бағытталған. Оның негізінде республика көлемінде муниципалды тұрғын үй құрылысына Қазақстанның инвестиция және даму жөніндегі вице-министрі Роман Склярдың мәліметтері бойынша, аймақтағы әкімшіліктерге 25 миллиард теңге бөлініп, 6 мың арендалық пәтердің құрылысы басталды. Алайда, айта кетер жайт, бұл тұрғын үйлер халықтың әлеуметтік жағдайы төмен бөлігіне арналған, ал олардың қатарына айына 140 мың теңге еңбек ақы алатын қазақстандықтар кірмейді.
"Байтерек" холдингісінің еншілес ұйымы
"Жақсы жаңалықты жеткізгім келіп отыр: Қазақстанда тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры бар, ол "Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы. Ол құрылыстың аяқталу тәуекелділігіне кепілдік беру үшін және азаматтарымызға өркениетті тәсілмен үлестік құрылысқа қатысуына мүмкіндік беру үшін жасалды. Қыркүйектің басында құжат қабылдай бастаймыз, ол "Астана Миллениум Парк". Біз салымшыларымызға шаршы метрін 290 мың теңгеден сататын боламыз", - деді Ләззат Ибрагимова.
Оның атап өтуінше, үлескерлік қатысуға берілетін несие кепілсіз берілетін болады. "Кепіле үлескерлік қатысу келісім-шарты болмақ, өйткені "Базистің" аталмыш нысаны тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қорымен кепілдендірілген. Бұл "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының компоненттерінің бірі", — деп нақтылады ТҚЖБ басшысы.
Біз бір қабатты Қазақстанның құрылысын қалай жүзеге асырамыз?
Жеті айдың қорытындысы бойынша "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында барлық қаржыландыру көздері есебінен 6,2 миллион шаршы метр жаңа үйлер пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш бағдарлама аясындағы жылдық жоспарды 61 % құрайды және 2016 жылдағы тиісті көрсеткіштермен салыстырғанда 8,2% артық болып табылады. Роман Склярдың мәліметтері бойынша, тұрғын үйді пайдалануға беру реті бойынша Астана, Алматы қалалары, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстары көшбасшы орында.