АСТАНА, 15 тамыз — Sputnik. Қазақстандық Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес және мексикалық Сауль "Канело" Альварестің бапкері Эдди Рейносо GGG-дің мексикалық бокс стилі жайында дауласып қалды, деп жазады vesti.kz.
Санчес: Біріншіден, екі мексикалықтың ең мықты боксшыны жаттықтырып жатқанына қуаныштымын және 16 қыркүйекте біз бетпе-бет келеміз. Жанкүйерлер "Канелоны" ғана мексикалық деп танып, Головкиннің де мексикалық стилі бар деп білетініне қуаныштымын.
Рейносо: Иә, Головкиннің мексикалық стильге жақындығы бары сөзсіз, бірақ, бұл бапкердің әсері.Сонымен қатар, жекпе-жектерден жинаған тәжірибесі болар. Алайда оның Қазақстаннан екенін естен шығармайық. Оның тамыры сонда. Мексикалық стильге жуықтағанымен, оны толық игере алмайды.
Санчес: Меніңше, Головкин игеріп, өзіне икемдеген мексикалық стилі жанкүйерлерге ұнайды, оларға боксшының агрессиясы тартымды көрінеді. Бұл өткеннің мықты боксшыларын еске салады, ұлы мексикалықтарды, Хулио Сезар Чавес пен Оливарестің кей жекпе-жектерін айтсақ.
Рейносо: "Канелоны" ең ауыр жекпе-жек күтіп түрғаны сөзсіз, бірақ, дайындалып жүргеніміз де осы. Ал Головкинді қолдау жағына келер болсақ, Америка сияқты үлкен елде GGG-дің бір жанкүйеріне "Канелоның" тоғыз жанкүйері келеді.
Санчес: Біз 16 қыркүйекті күтіп отырмыз. Бүл күні ең мықты екі боксшы күш сынасады. Бапкерлерге де қатысты осыны айтуға болады. Ройонсоның командасы мен оның жеке өз басындағы ұнайтын бір қасиет — боксқа берілгендік. Осындай бапкерлердің болуы біздің спорттың даңқын асырып, ары қарай дамуына септеседі.
Еске сала кетейік, Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек 16 қыркүйекте Лас-Вегас қаласында T-Mobile 20 мыңдық аренасында өтеді.