Спорт

Головкин - "Канело" бокс кешінде тағы кімдер жұдырықтасатыны белгілі болды

© REUTERS / Henry Browne LivepicГоловкин мен Канело
Головкин мен Канело - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Головкин мен "Канело" арасындағы кездесу Лас-Вегас қаласында 16 қыркүйекте өтеді

АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. 16 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасында өтетін бокс кешінде қолғап түйістіретін боксшылардың бірінші жұбы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz. 

BoxRec.com порталының мәліметі бойынша, бұл бокс кешінде екі мексикалық боксшы: 29 жастағы Антонио Ороско мен 31 жастағы Роберто Ортис жұдырықтасады. Жекпе-жек жартылай орта салмақта, он раундық жүйе бойынша өтеді.

Геннадий Головкиннің жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Спорт
Канело: Головкинға қарсы жекпе-жекте Джейкобс жеңген еді

Сондай-ақ бұл бокс кешінде бірінші орта салмақта өнер көрсететін аргентиналық Лукас Матиссе (38-4, 33 КО) мен Головкиннің бұрынғы қарсыласы Дэниэл Джейкобс та шаршы алаңға шығуы ықтимал. Дереккөздің мәліметі бойынша, америкалық боксшының кеңесшісі Эл Хэймон қазіргі уақытта бокс кешін ұйымдастырып жатқан Golden Boy промоутерлік компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Тамыз айының басында екі тарап келісімге келуі керек. 

Айта кетейік, Головкин мен "Канело" арасындағы кездесу Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. Қазірдің өзінде бұл бокс кешінің билеттері сатылып кеткен. АҚШ жерінде жекпе-жекті НВО арнасы ақылы жүйе бойынша көрсетеді. 


Жаңалықтар
0