Спорт

Абель Санчес қандай жағдайда Головкин мен Альварес екінші рет кездесетінін айтты

© REUTERS / Henry Browne LivepicГоловкин мен Канело
Головкин мен Канело - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Канело" жеңілсе, қарымта кездесуге мүмкіндігі бар

АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес қазақстандық пен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы қарымта жекпе-жектің шарттары туралы айтып берді, деп жазады vesti.kz. 

Головкин мен Канело - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин - "Канело" бокс кешінде тағы кімдер жұдырықтасатыны белгілі болды

Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек 16 қыркүйекке белгіленген. Ол Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді. Боксшылар арасындағы келісімшарт бойынша, жеңіліп қалған жағдайда мексикалық боксшы ғана қолдана алатын қарымта кездесу мүмкіндігі бар.

"Алдымен бұл жекпе-жектің қалай аяқталатынын көрейік. Егер ол қарымта кездесу өткізе алатындай жақсы болса, 168 фунтқа өткенге дейін күте алады. Егер жанкүйерлер реванш көргісі келсе, неге олай етпеске. Жекпе-жек 11-12 раундқа созылса, қарымта кездесу өткізуге кедергі көріп тұрған жоқпын. Бұл жекпе-жектің жеңімпазы атанған боксшының ары қарайғы жекпе-жектерінде қарсыластарының кім болғанына қарамастан көптеп тамашалайтын болады", — дейді Санчес Fino Boxing басылымына берген сұхбатында.

Осыған дейін Альварес алғашқы жекпе-жекте-ақ кімнің-кім екенін дәлелдеп, қарымта кездесуге мүмкіндік бермейтінін айтқан болатын. Сонымен қатар, ол Головкиннің WBC атағына да таласпайтынын жеткізді.

 

Жаңалықтар
0