АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Целиноград ауданы прокуратурасы ғимаратының жанында болған атысты тергеу барысы Ақмола облысы прокуратурасының ерекше бақылауына алынды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
Бүгін сағат 14 шамасында Ақмола облысы Целиноград ауданы прокуратурасының ғимараты жанында ер адам құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасады.
Атыс салдарынан Целиноград ауданының прокуратура қызметкері мен Ішкі істер бөлімінің тергеушісі жарақат алды.
Медициналық жәрдем көрсету үшін зардап шеккендер Астана қаласының № 2-ші қалалық ауруханасына жеткізілді.
Аталған факт Целиноград АІІБ Біріңғай сотқа дейінгі тергеу тізіліміне тіркелді.
Жедел іздестіру әрекеттері барысында күдіктінің автокөлігі табылды, ішінде оның мәйіті болған. Алдын ала болжам бойынша ол өз-өзіне қол жұмсаған.
Істі тергеу барысы Ақмола облысы прокуратурасының ерекше бақылауына алынды.