Оқиға

Астана маңындағы ауылда белгісіз біреу прокуратура ғимаратының маңында оқ атты

© Sputnik / Табылды Кадырбековтапанша
тапанша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құқық қорғау органдары күшейтілген тәртіпке көшіріліп, оқ атқан адамды іздеп жатыр

АСТАНА, 20 шілде — Sputnik. Ақмола облысында белгісіз біреу Целиноград ауданының прокуратура ғимаратының маңында оқ жаудырып, қадағалау ведомствосының қызметкерін жаралады, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға құқық қорғау органдарындағы дереккөзі. 

"Белгісіз ер адам сағат 14:35-те Целиноград прокуратурасының маңында оқ атты. Нәтижесінде прокуратура қызметкері мен сол жерде кездейсоқ болған полицей жарақат алды. Содан кейін оқ атқан ер кісі автокөлікке мініп оқиға қашып кетті", — деп хабарлады дереккөзі. 

Құқық қорғау органдары күшейтілген тәртіпке көшіріліп, іздеу жүргізілуде. "Ұстап алу" жоспары енгізілді. 


Жаңалықтар
0