Оқиға

Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне оқ атқан ер адам атылып өлді

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтумылтық
мылтық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицияның деректеріне сәйкес, оқ атқан ер адам бюджеттік қаражатты жымқыру ісі бойынша күдікті болған

АСТАНА, 20 шілде — Sputnik. Ақмола облысы Целиноград ауданы прокуратурасы ғимаратының маңында оқ жаудырған ер адым өзін атып өлтірді, деп хабарлады өңірлік ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінде. 

"20 шілдеде сағат 14.35-те белгісіз біреу Volkswagen Passat көлігінде отырып, Целиноград прокуратурасының әкімшілік ғимаратының маңында прокуратура жұмысшысы мен Целиноград аудандық ІІБ қызметкеріне оқ атқан. Қызметкер қызметтік бабымен сол маңда болған", — делінген хабарламада.

Жедел іздестіру шаралары барысында аудан орталығының шетінде ер адам көлігімен табылды. Көлік салонында өзіне қол салған 61 жастағы күдіктінің мүрдесі табылды. 

тапанша - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астана маңындағы ауылда белгісіз біреу прокуратура ғимаратының маңында оқ атты

Күдіктінің бюджет қаражатын ұрлау дерегіне қатысты қылмыстық іс бойынша күдікке ілінгені анықталды. Ол антикоррупциялық қызмет тергеп жатқан ақша жымқыру дерегі бойынша күдікті болған. Қазіргі уақытта қару алынып, сараптамаға жолданды. Тергеу жүріп жатыр. 

Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты, оларға өз уақтында медициналық жәрдем көрсетілді. Прокуратураның жарақаттанған қызметкер ауруханаға жатқызылды, оның жағдайы бірқалыпты. 

Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінде оқиға бойынша ресми хабарлама әзірлеп жатыр. 


Жаңалықтар
0