Саясат

Президент: бауырлас екі ел арасындағы текетірес мені қынжылтады

© Photo : пресс-служба президента РКНұрсұлтан Назарбаев ШЫҰ саммитінде
Нұрсұлтан Назарбаев ШЫҰ саммитінде - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев Ресей мен Украинаны парасатты диалогқа шақырды
АСТАНА, 3 маусым — Sputnik. Ресей мен Украина арасындағы дағдарыс Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты ерекше қынжылтады. Ол бауырлас екі елді парасатты диалогқа шақырды. Бұл туралы Президент Қазақстанда тіркелген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың басшыларымен кездесуде айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елбасы: ұлттық тәуелсіздігіміз бен аумақтық тұтастығымызды қорғап қалдық

"Халықаралық терроризмнің географиясы мен аумағы кеңейіп келеді, жаппай қырып-жою қаруының таралу және оны жеткізу қаупі артып отыр. Осыған орай уақыт бізден бірлік, саяси ерік пен табанды іс-әрекетті талап етеді. Біріншіден, ең үлкен қауіп ядролық қаруы бар державалар арасындағы болуы ықтимал қақтығыс болып отыр. Бұл ретте жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Батыс пен Ресей арасындағы сындарлы диалог үлкен маңызға ие. Өзара санкциялар тек Еуропа мен Ресейге ғана емес, басқа да өңірлерге де зардабын тигізуде. Ол әлемдік экономиканың қалпына келіп, дамуына ықпал етіп жатқан жоқ", — деді Елбасы кездесуде.   

Мемлекет басшысының айтуынша, Украинаның оңтүстік-шығысындағы оқиғалар әрқашан жақын бауырлас ел болған мемлекеттер арасындағы текетірес пен жария айтыс, пікірталасқа алып келді. 

"Бұл өкінішті жағдай осы халықтар мен олардың достарын, шынын айтқанда, әсіресе мені қынжылтады. Біз екі тарапты да парасатты диалогқа көшуге шақырамыз. Басқа жол жоқ. Кез келген қақтығыс, тіпті дүниежүзілік соғыстар да келіссөздер барысында аяқталады. Мен осыған шақырамын", — деді Назарбаев. 

Президент Қазақстанның келіссөздер өткізуге көмектесуге дайын екенін жеткізді. 
Человек рассматривает вывеску офиса Qatar Airways в столице Саудовской Аравии Эр - Рияде, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Саясат
Елбасы: Катар проблемасы тұрақты дамуға кедергі келтіреді

"Мен өз басым үлкен жиырмалықтың кездесуінде Ресей мен АҚШ президенттерінің кездесуіне үлкен үміт артамын. Украин-ресей дағдарысын шешуден Батыс пен Ресей, сонымен бірге барлық үлкен державалар арасындағы қарым-қатынастың жақсаруы басталатынын білеміз. Келісім болмаса, жаһандық экономика, саясат мәселелері және терроризм мен экстремизм секілді сын-қатерлерді жеңу мүмкін емес. Әлемде өзекті ойыншылар арасындағы сенім дағдарысынан үрей мен қалжырау күшейе түсуде", — деді Елбасы. 

"Ұлы держава дегеніміз әлемдегі бейбітшілікке үлес қосатын держава деп есептеймін. Ешқандай басқа істер, байлық мұның орнын толтыра алмайды. Жаһандық қақтығыс бола қалса, жеңімпаз болмайтыны бәрімізге белгілі. Сондықтан оған жол бермеу аса маңызды", — деп түйді сөзін Қазақстан президенті. 

Жаңалықтар
0