Қоғам

Елбасы: ұлттық тәуелсіздігіміз бен аумақтық тұтастығымызды қорғап қалдық

© Photo : официальный сайт президента Республики КазахстанНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент Қазақстанда тіркелген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың басшыларымен кездесті

АСТАНА, 3 шілде — Sputnik. Кездесуде Президент Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің дипломатиялық қызметінің дамуын және осы жылдар ішінде атқарылған жұмыстарды сөз етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өтті - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елбасы құрылтайға жиналған қазақтарға: Атамекеніміз жалғыз, ол бір уыс топырағына дейін қасиетті

"Осыдан 25 жыл бұрын қазақстандық дипломатиялық қызметті құру туралы Жарлыққа қол қойып, Қазақстанның сыртқы саясат жүйесін анықтаған болатынбыз. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары біздің сырт әлеммен қатынасу тәжірибеміз жоқ дерлік болатын. Қазақстанның өз дипломатиясы болмаған. Дипломатиялық кадрлар да болмаған деп айтуға болады. Бұл мәселеге елдегі қиын әлеуметтік-экономикалық жағдай бір жағынан әсер етті. Дегенмен, қиын жағдайда жаңа дипломатиялық жүйе құрып, өз елшілерімізді әлемдегі мемлекеттерге жіберу мүмкіндігіне ие болдық. Енді міне, ширек ғасырдан кейін сыртқа саясат қалыптасты, ол елдің игілігіне жұмыс істеп жатыр деп айта аламыз", — деді Мемлекет басшысы. 

Біріншіден, Елбасының айтуынша, біз өзіміздің ұлттық тәуелсіздігіміз бен аумақтық тұтастығымызды қорғап қалдық. Бұл жолда дипломаттардың істеген жұмысы аз емес. Қауіпсіздік кепілдіктерін алып, тату көршілік белдеуін құрдық. 

"Екіншіден, қазіргі таңда Астана халықаралық антиядролық қозғалыстың басшысы болып табылып отыр және стратегиялық тұрақтылық пен әділетті әлемді қамтамасыз етуге қомақты үлесін қосып отырған мемлекет. Үшіншіден, Қазақстан аумақтық экономикалық интеграция кооперацияның ауқымды жобаларының бастамашысы болып табылады, бүкіл дүниежүзілік қауымдастық бұл шараларымызды қолдап отырғанын білесіздер", — деді Президент. 

Жалпы, Мемлекет басшысы атап өткендей, тәуелсіз Қазақстан жүргізіп келе жатқан көпвекторлы сыртқы саясат, біздің халықаралық бастамаларымыз әлемге танылып, кең қолдауға ие болды. Қазақстанның дүниежүзіндегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қосқан үлесі жылдан-жылға өсіп келе жатқаны баршаға мәлім.

Жаңалықтар
0