Қоғам

Елбасы құрылтайға жиналған қазақтарға: Атамекеніміз жалғыз, ол бір уыс топырағына дейін қасиетті

© Photo : Ақорданың баспасөз қызметіҚазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өтті
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өтті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы салтанатты түрде ашылды

АСТАНА, 23 маусым — Sputnik. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада дүниежүзі қазақтарының V құрылтайын ашты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Қайда жүрсе де қазақтың тарихи Отаны біреу ғана. Атамекеніміз жалғыз, ол бір уыс топырағына дейін қасиетті, біздің Ұлы қазақ еліміз. Бүгінгі басқосуға негізінен жас буын қатысып отыр. Себебі жас ұрпақ түбі, тарихи негізі қазақ екенін ешқашан ұмытпайды, осы үшін олардың ата-аналарына көп рахмет айтамыз. Олар бір тамырын тарихи отанына жаюды ойлайды. Туған елмен байланысын нығайтып, ата-салтын сақтап, ана тілін ұмытпауға тырысады", — деді Елбасы. 

Мемлекет басшысы құрылтайдың баламалы энергия бойынша жер жүзінің инновациялық жетістіктерін паш ететін ЭКСПО көрмесіне орай өтіп жатқанын атап өтті. 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өтті - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада Елбасының қатысуымен дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өтіп жатыр

"Біз әдейі осылай байланыстырдық. Себебі бұл Қазақстанның мерейін асырып, күллі әлемнің назарын аударатын үлкен шара болып отыр. Біз бауырларымызды Атажұртының бүгінгі келбетін көріп, марқайсын, ой түйсін деп сіздерді ЭКСПО-ға орай шақырдық. Мынау бар болғаны он бес жылдың ішінде бой көтеріп, дүниені таңдандыратын елордамыз — Астананың өсіп өркендеуін көрсін, қуансын деп ойладық. Жаңа салынған театрда болдыңыздар, Қазақстанның марқайған, көркейген Астанасын көрдіңіздер, әлі де асықпай елге келіп, аунап-қунап, біраз көріп қайтыңыздар", — деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Айта кетейік, құрылтайға барлығы 800 делегат пен қонақ жиналды, оның 350-і алыс және жақын әлемнің 39 елінен келді. Олар ғылыми-шығармашылық және педогогикалық зиялы қауым өкілдері, бизнес, спорт, бұқаралық ақпарат құралдары салаларының мамандары, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері. Құрылтай делегаттары мен қонақтарының 80 пайызы мұндай іс-шараға алғаш рет қатысып отыр.

1992 жылдан бері өткізіліп келе жатқан құрылтай дүниежүзінің түкпір-түкпірінде тұратын этникалық қазақтардың кездесу орны әрі бірегей сұқбат алаңы болып табылады.

Жаңалықтар
0