Саясат

Елбасы: Катар проблемасы тұрақты дамуға кедергі келтіреді

© AFP 2024 / FAYEZ NURELDINEЧеловек рассматривает вывеску офиса Qatar Airways в столице Саудовской Аравии Эр - Рияде, архивное фото
Человек рассматривает вывеску офиса Qatar Airways в столице Саудовской Аравии Эр - Рияде, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті тұрақты дамуға қандай жайттардың кедергі жасайтыны туралы айтып берді

АСТАНА, 16 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нобель сыйлығы лауреаттарымен кездесу барысында Катардың айналасындағы ахуал жайында сөз қозғады.

Ақорда - Sputnik Қазақстан
Саясат
Елбасы: Қазақстан мен Грузия қатынастарын одан әрі жақсартуға ешқандай да кедергі жоқ

Олардың арасында — Польшаның бұрынғы президенті Александр Квасьеневский, 2007 жылғы Нобель бейбішілік сыйлығының лауреаттары Святослав Тимашев пен Рае Квон Чунг, танымал жазушы Нассим Талеб, "Джей Пи Морган Чейз Интернешнл" корпорациясының төрағасы Джейкоб Френкель, БҰҰ ЭКОСОС төрағасы Шава Фредерик Мусива, Хорватияның экс-президенті Степан Месич және басқалар бар.

Президент қонақтарға Қазақстанда оныншы рет өткізіліп отырған Астана экономикалық форумна келгендері үшін алғысын білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Рустам Минниханов - Sputnik Қазақстан
Саясат
Елбасы Татарстанға сіңірген еңбегі үшін орденмен марапатталды

"Сіздермен кездесу әрқашан маңызды әрі қызықты, әсіресе қазіргі заманда, әлемде маңызды өзгерістер болып жатқан кезде. (…) Жекелеген аймақтардың дамуына көптеген проблемалар мен қиындықтар кедергі келтіреді. АҚШ-тың Париж келісімінен шығуы туралы соңғы жаңалықтар, он шақты ел тарапынан туындаған Катар айналасындағы проблемалар — осының бәрі тұрақты дамуды қиындатады", — деді Назарбаев.

Ол Қазақстанда ЭКСПО-2017 көрмесінің өтіп жатқанын қатысушылардың есіне сала кетіп, оған әлемнің 115 елі мен 22 халықаралық ұйым қатысып жатқандығын айтты.

"Біз байқап отырғандай, электромобильдер, пилотсыз көлік, нанотехнология арқасында қоршаған ортамыз қарыштап дамып келеді. Жаңа энергия түрлері кезінде футуристік болып саналатын, ал қазір оған да келіп жеттік", — деп жалғастырды президент.

Елбасының сөзіне жүгінсек, әртүрлі елдердегі экологиялық проблемалар, деглобализация процестері, көші-қон мәселесі, құбылмалылық, патернализм сауда, өзара қарым-қатынас және интеграцияға кедергі келтіреді.

"Әрқайсыңыз нақты бір саланы зерттеумен айналысасыздар. Сіздер сарапшы болғандықтан, өздеріңізді тыңдап, пікір алмасып, сұрақтарыңызға жауап бергім келеді. Кездесуімізге әрі қарай басшылық ету үшін сөз кезегін ескі досым Александр Квасьеневскийге беремін", — деп сөзін аяқтады Елбасы.

Бұдан бұрын Сауд Арабиясы, БАӘ, Бахрейн, Йемен, Ливия, Мальдив, Маврикий және Мавритания Катар елімен дипломатиялық қатынастарын тоқтатқан болатын. Иордания мен Джибути Катардағы дипломатиялық өкілдіктерінің деңгейін төмендетті. Қазақстан бұл шиеленіске қатысушы елдерді саяси алауыздықты келіссөздер арқылы шешуге шақырады.

Жаңалықтар
0