Саясат

Исекешев елбасыға сәуірде берілген тапсырмалардың орындалуы туралы баяндады

© Официальный сайт Президента КазахстанаНұрсұлтан Назарбаев пен Әсет Исекешев
Нұрсұлтан Назарбаев пен Әсет Исекешев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әңгіме әлеуметтік саланың жақсаруы мен жол-көлік инфрақұрылымының жетілуі туралы болды

АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Астана әкімі Әсет Исекешев Елбасыға биылғы сәуір айында Астана қаласын дамытуға арналған кеңесте берілген тапсырмалардың орындалуы туралы есеп беріп, қаладағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге және инфрақұрылымды жақсартуға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Ақоданың баспасөз қызметі. 

Нұрсұлтан Назарбаев пен Әсет Исекешев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Президент Исекешевке: мұндай жағдай Жақсыбеков кезінде де болмаған еді

Нұрсұлтан Назарбаев елорда тұрғындары санының артып келе жатқанына назар аударып, балабақшалармен және мектептермен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

"Тұрғындар саны артып келеді. Бұл ретте, көші-қон үдерісін ерекше бақылауға алу қажет. Елордада мемлекеттік бағдарламамен тұрғын үй беру жүйесін жөнге келтіру де маңызды", – деді Мемлекет басшысы.

Астана қаласының әкімі Қазақстан Президентіне елорданы дамытудың бірқатар экономикалық индикаторлары өскенін айтты, сондай-ақ қала тұрғындарының өмір сүруінің орташа ұзақтығы 75 жасқа жеткенін атап өтіп, әлеуметтік сала оң қарқынмен дамып келе жатқанына тоқталды.

Аққулар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Жаңа Талдыкөл: жағымсыз иістің орнына аққулар

Әсет Исекешев Елбасыға аналар өлімі және өкпе ауруы деңгейінің төмендегенін айтты.

Сонымен бірге Астана қаласының әкімі "Талдыкөл" ағын су жинақтаушысы орналасқан жердің құнарлығын қалпына келтіру, жауын су ағатын кәріз жүйесін және жол-көлік инфрақұрылымын жетілдіру бағытында қабылданған шаралар жөнінде есеп берді.

Нұрсұлтан Назарбаев атқарылған шаралардың нәтижелерін оң бағалап, елорданы дамыту жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

 

Жаңалықтар
0