Өңірлер

Жаңа Талдыкөл: жағымсыз иістің орнына аққулар

© Photo : Акимат АстаныАққулар
Аққулар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Су тазалаудың классикалық технологиясы бірнеше кезеңнен тұрады: механикалық, биологиялық, флотофильтрация, ультракүлгін, залалсыздандыру.

АСТАНА, 14 маусым — Sputnik. Талдыкөлге аққулар қоныстады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. 

Елорда тұрғындары Талдыкөл көлін "жағымсыз иісі бар айдын" деп атап кеткелі қашан. Су қоймасы ХХ ғасырдың 70-ші жылдары Целиноградтың барлық кәріз суын жинайтын орынға айналды.

Астананың коммуналдық шаруашылық басқармасы мамандарының сөзінше, суда қолқаны қабар иістің шыққаны балшықтан болған. Қыстың күні оттегінің жетіспеушілігінен көл түбінде ашу процессі жүріп, күкіртті сутек бөлінген. Көктемде мұз ерігенде бұл иістер шыға бастаған. 

Екі жыл бұрын Талдыкөлге қалдық суларды құю тоқтатылды. Елорда басшылығы аумақты қалпына келтіру бойынша ауқымды жұмыстарын бастап, ағынды су жинақтаушыны ретке келтіру мәселесін шешті. Қарашаға дейін тазалау нысандары құрылысының екінші кезеңі аяқталады. Бұл өнімділікті екі есеге дейін ұлғайтып, тәулігіне 254 мың текше метр су  тазалайды. 

Су тазалаудың классикалық технологиясы бірнеше кезеңнен тұрады: механикалық, биологиялық, флотофильтрация, ультракүлгін, залалсыздандыру.

Механикалық тазалау кезінде жиналған су торы және құмаулау арқылы жүзеге асады. Одан кейін су алғашқы тұндырғыштарға құйылады, онда 50%-ға дейін мөлдірлендіреді. 

Биологиялық кезеңде аэрация жүреді, яғни әртүрлі бактерия түрлері арқылы тазалау. Барлық саз екінші тұндырғыш блокта тұнады. Жиналған балшықтарды арнайы орындарға шығарады. 

Одан кейін қосымша тазалау блогында сүзу процессі жүреді. Сол жерден су ультракүлгін залаласыздандыру цехына құйылады. Барлық кезеңнен кейін мөлдір залалсыздандырылған су Есілге ағызылады. 

Жер жұмыстары мен су түбіндегі сазды сору жұмыстарын коммуналдық шаруашылық басқармасының тапсырысымен «Алсим Аларко» ЖШС жүргізуде.

Өткен жылы көлдің түбі толықтай саздан тазартылды. Биыл қайта қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде. Көл көлемінің табиғи шекарасы қалыпқа келеді, су айдынының ауданы 4 есе кішірейеді – 2 мыңнан 450 гектарға дейін.

Жер жұмыстары 3 кезеңмен жүргізілуде. Бес балшық сорғыш кеме түбін тереңдету жұмыстарын жүзеге асыруда. Қазіргі таңда көл түбінен алынған құрғатылған сор  кәдімгі топырақпен араластырылып, қайта қалпына келтіру жұмыстарына пайдаланылуда, 

Екі жылдан кейін ағынды су ауданын көріктендіру және аббатандыру жоспарланған. Бұл Талдыкөлді тұрғындардың уақытын өткізетін орынға айналдырады.

Тазалау жұмыстары толығымен су айдынынын жағымсыз иістен арылтты. Бұны көлге жақын тұратын тұрғындар да аңғарыпты. Су тазаланды және алғаш рет Талдыкөл аққулар мекеніне айналды.

Өзгерісті жақын аудан тұрғындары сезінген.

— Біз бұл үйге үш жыл бұрын көшіп келдік. Бас кезінде тыныс алу мүмкін болмайтын. Ал, қазір сасық иіс те кетті, масалар да жоқ. Таңертең, кешке немерелерімізбен қыдырамыз. Бұл жерде тұрғанымыз үшін қуанамыз қазір, — дейді «Шығыс» ТК тұрғыны Флюра Карина


Жаңалықтар
0