Саясат

Елбасы ШЫҰ-мен шектесіп жатқан кей өңірлердегі шиеленісті атап өтті

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Назарбаев ШЫҰ аясында антитеррорлық, экономикалық және мәдени ынтымақтастықты күшейту қажеттігін атап өтті

АСТАНА, 9 маусым — Sputnik. Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерімен шектесіп жатқан кей өңірлерде геосаяси шиеленісті байқауға болады, деп мәлімдеді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

ШЫҰ -ның алтыншы саммиті - Sputnik Қазақстан
Саясат
Елбасы ШЫҰ-ның пайда болу тарихын еске алды

Астанада ШЫҰ-на мүше елдердің мемлекет басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысын аша отырып, Назарбаев атап өткендей, ұйым аясындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша ортақ қадамдар жасау өте маңызды болып табылады.

"Бүгінгі таңда ШЫҰ-мен шектесетін кей өңірлерде геосаяси щиеленіс пен эслакацияның артқандығын көріп отырмыз. Осыған байланысты ШЫҰ-на мүше елдердің мемлекет басшылары ұсынған халықаралық терроризмге бірлесіп қарсы тұру туралы мәдімдемесін біздің кеңестің қабылдауы уақытылы жасалған қадам болып саналады", — деді Қазақстанның мемлекет басшысы.

Елбасы Астанадағы саммит аясында қол қойылатын экстермизмге қарсы іс-қимыл бойынша ШЫҰ конвенциясының өзектілігін де атап өтті.

Назарбаевтың сөзіне жүгінсек, осы уақытқа дейін ұйым халықаралық бірлестіктермен ынтымақтастықты нығайту бойынша біршама жұмыс атқарды.

"Біздің ұйым аясында экономикалық ұжымдасуды дамытуға ерекше көңіл бөлу қажет деп санаймыз. Бұл үшін жаңа институтциялық мүмкіндіктер енгізіледі", — деп жалғастырды ол.

Қазақстан мемлекет басшысы атап өткендей, өзара сауданың ұлғаюына ШЫҰ еркін сауда аймағын құру үлкен септігін тигізбек.

Ауғанстан - Sputnik Қазақстан
Саясат
Путин ШЫҰ-Ауғанстан байланыс тобының жұмысын қалпына келтіруді ұсынды

"Бұл жерде біздің елдер кезең-кезеңімен алға ілгерілейтін болады, экономикалық ынтымақтастық мақсатында қызықты жобаларды зерттеуден бастаған дұрыс", — деді президент.

Бұдан бөлек, Елбасы айтқандай, маңызды бағыттардың бірі — мәдени-гуманитарлық ынтымақтасу.

Жаңалықтар
0