Саясат

Елбасы ШЫҰ-ның пайда болу тарихын еске алды

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуШЫҰ -ның алтыншы саммиті
ШЫҰ -ның алтыншы саммиті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада шағын құрамда ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшыларының отырысы өтіп жатыр

АСТАНА, 9 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру идеясының қалай пайда болғаны туралы айтып берді. 

Астанада шағын құрамда өтіп жатқан ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшыларының кеңесін ашқан Қазақстан басшысы биыл ұйымға 16 жыл толатынын атап өтті. 

"Осындай сәтте тарих еске түседі, бес мемлекет ҚХР-мен шекара мәселесін шешіп, қол қоюдан кейін қоштасып жатқанда, сол кездегі Қытай төрағасы Цзян Цзэмин екеуміз: шекараға қол қойып болған соң тарап кетпей, экономикалық ынтымақтастық ұйымдастырайық деген ұсыныс жасадық. Осылайша ШЫҰ пайда болды", — деді Назарбаев. 

Астана - Sputnik Қазақстан
Саясат
ШЫҰ саммиті Астанада жұмысын бастады

Оның атап өтуінше, сол уақыттан бері ұйым халықаралық тұрғыдан мойындалып, көпқырлы өзара әрекеттесудің тиімді алаңына айналған. Өңірдегі қауіпсіздікті нығайту, экономикалық ынтымақтастықты тереңдетіп, елдер арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту бойынша ауқымды жұмыс жасалды. 

Орнықты келісімді-құқықтық қор қалыптастырылды, тұрақты институционалды негіздер құрылып,  өңірлік және жаһандық мазмұн күшейіп жатыр, деп қосты президент. 

"Астана саммитінде, ұйымымыздың жаңа тарихы басталып жатыр деуге болады. Осы отырыс соңғы рет алты жақты форматта өтіп жатыр. Бүгін біз Үндістан мен Пәкістанға ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін беріп, қабылдау рәсімін аяқтау туралы шешім қабылдадық", — деп еске салды Қазақстан басшысы. 


Жаңалықтар
0