Саясат

Путин ШЫҰ-Ауғанстан байланыс тобының жұмысын қалпына келтіруді ұсынды

© AP Photo / Rahmat GulАуғанстан
Ауғанстан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Араға сегіз жыл салып Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Ауғанстанның өзара іс-қимылын қалпына келтіру ұсынылды

АСТАНА, 9 маусым — Sputnik. ШЫҰ мүше елдердің басшылары отырысында Ресей президенті Владимир Путин ШЫҰ-Ауғанстан байланыс тобының жұмысын қайта бастауды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

ШЫҰ -ның алтыншы саммиті - Sputnik Қазақстан
Саясат
Елбасы ШЫҰ-ның пайда болу тарихын еске алды

Ресей Федерациясының басшысы атап өткендей, Ауғанстандағы ахуал бүкіл өңірдегі тұрақтылықтың сақталуы үшін аса маңызды әрі ауған қақтығысын шешу үшін қабылданған әскери шешімдер онша тиімді емес.

"Шанхай Ынтымақтастық ұйымы осы бағытта да белсенді жұмыс істесе жақсы болар еді. 2009 жылы тоқтатылған ШЫҰ-Ауғанстан байланыс тобының қызметін қалпына келтіруді ұсынамыз", — деді Ресей мемлекет басшысы ШЫҰ бойынша әріптестеріне.

Сонымен қатар, РФ мемлекет басшысы атап өткендей, ШЫҰ-ның барлық мүше елі ішкіауған қақтығысын Ауғанстанның ішкі істеріне араласпай, саяси тұрғыда реттеуді қолдайды.

Жаңалықтар
0