Оқиға

Сот Мұхтар Әбілязовты 20 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды

© Sputnik / Владимир ТретьяковМұқтар Әбілязов
Мұқтар Әбілязов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әбілязов ірі көлемдегі қаржылай махинацияларды жүзеге асыру үшін әр елдерден 100-ден астам адамнан тұратын қылмыстық қауымдастық құрды деп айыпталуда

АСТАНА, 7 маусым — Sputnik. Бұрынғы қазақстандық банкир Мұхтар Әбілязовты сырттай сотап жатыр, өйткені ол мемлекетаралық іздеуде жүр. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы БТА Банкі ісі бойынша басты күдіктіні 20 жылға бас бостандығынан айыруға соттады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан. 

"20 жылға бас бостандығынан айырумен қатар оның мүлкін тәркілеу және 300 АЕК көлемінде айыппұл салу, сондай-ақ, банктерде қызмет етуге үш жылға тыйым салу жазасы тағайындалсын" – деп оқыды төрағалық етуші судья Мартбек Кәкімжанов. 

Мухтар Аблязов - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Прокурор: Әбілязовтың ұйымдасқан қылмыстық тобына ондаған елдің азаматтары кірген

Сот Әбілязовтың мүлкі: Алматы қаласы, Горный көшесі, 177, 179, 181 үйлерді, Nissan, маркалы автокөлікті, "БТА Банкі" АҚ-дағы жеке есептерін мемлекеттің пайдасына тәркілеуге қаулы етті. Бұрынғы банкир жазасын толық қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады. 

Көптеген қылмыстары үшін Әбіләзов пен оның сыбайластары тек Қазақстанда және Ресей Федерациясында ғана емес, сондай-ақ бірқатар европалық мемлекеттермен, соның ішінде Украина және Швейцария тарапынан қудалануда, ал Ұлыбританияда ол 22 айға бас бостандығынан айырылған.

Мххтар Әбілязов - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Әбілязов Қырғызстандағы төңкерісті қаржыландырғанын мойындады
Әбіләзовтың сыбайластары 7,5 миллиард доллардан астам қаржыны жымқырған. Әбіләзовты айыптау жөніндегі қылмыстық іс 160-тан аса эпизодтан тұрады және ұлттық тергеу практикасындағы ең күрделі экономикалық істердің бірі болып табылады. Бұл істің әрбір эпизоды жүздеген миллиард теңгені жымқыру немесе жылыстату туралы мәліметтерден тұрады.

2016 жылғы 9 желтоқсанда Франция Республикасының Мемлекеттік Кеңесі (ең жоғарғы әкімшілік құрылым) Ресей Федерациясының экстрадициялық сұранысына сәйкес Әбіләзовты Ресейге беру туралы Франция Премьер-Министрінің шешімін бұзып, оны қамаудан босатты. Ресей Федерациясының бас прокуратурасы бұл мәселе бойынша өз ұстанымын ресми хабарламада білдірді.


Жаңалықтар
0