АСТАНА, 3 сәу – Sputnik. БТА Банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілязовтың қылмыстық тобына ондаған елден 100-ден астам адам кірген, деп мәлім етті мемлекеттік айыптау.
Дүйсенбі күні Алматыдағы манамдандырылған ауданаралық қылмыстық сотында БТА Банкіндегі миллиардтаған жымқырулар туралы іс бойынша басты сот отырысы басталды. Процесс басты айыпталушы Мұхтар Әбілязовтың қатысуынсыз өтіп жатыр. Сотталушылар қатарында БТА банкі басқарма төрағасының бірінші орынбасары Жақсылық Жарымбетов, несиелеу мәселесі жөніндегі директор Қайрат Садықов және басқарма төрағасы Сәдуақас Мәмеш бар.
"Әбілязов өзінің басшылығымен әзірленген қылмыстық жоспарды жалғыз өзі жүзеге асыры алмас еді. Сондықтан өз мақсаттарына жету үшін, ол ұйымдасқан қылмыстық топ құрған. Оған 100-ден астам адам кірген. Олардың ішінде БТА банкінің қызметкерлері, сондай-ақ, еншілес компаниялардың басшылары, Қазақстан, Ресей, Украина, АҚШ және басқа да батыс елдерінің азаматтары болды", — деді сот барысында сөйлеген прокурор.