АСТАНА, 15 жел — Sputnik. Шетелге қашып, Францияда бостандыққа шыққан қазақстандық БТА Банкінің бұрынғы иесі Мұхтар Әбілязов 2005 жылы Қырғызстандағы төңкерісті қаржыландырғанын мойындады, деп жазады Liberation газеті.
2002 жылғы ақпаннан бастап Әбілязовқа Қазақстанда ешқайда кетпеу бұлтарпау шарасы қолданылған. Наурызда қылмыстық топ құрғаны, заңсыз кәсіпкерлік қызметі және лауазымын теріс пайдаланды деген айыппен қамауға алынды. Ал жазда 6 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды. 2003 жылғы сәуірде Елбасы рақымшылық жасап, Ресейге кетті. Бірақ 2015 жылы елге оралды.
"2003-2005 жылдары мен Мәскеуде тұрадым. 2005 жылдың басында мен Қырғызстандағы режимді құлату үшін онадғы оппозицияны қаржыландырдым. Мен үшін ең болмағанда посткеңестік елдердің бірінде демократиялық процесстердің басталып, дұрыс реформалар жасай алуы мен үшін маңызды болды", — деді Әбілязов.
РИА Новости агенттігінің деректеріне сәйкес, Қырғызстанның бірінші президенті Асқар Ақаев 2005 жылы "қызғалдақ" төңкерісі салдарынан қуылған. 2005 жылғы ақпан-наурызда Қырғызстанда кезекті парламенттік сайлау өткізілді. Оны халықаралық байқаушылар әділ емес деп таныған. Ол халықтың наразылығын туғызып, әрекеттегі режимнің құлауына әкеп соқтырды. Президент Асқар Ақаев билікті озбырлықпен тартып алу әрекетеріне тосқауыл бола алмай, бүкіл отбасымен елден кетіп, Ресейден уақытша пана алады. Ол осы уақытқа дейін сонда тұрады. Билік оппозиция қолына өтті.
Көптеген қылмыстары үшін Әбіләзов пен оның сыбайластары тек Қазақстанда және Ресей Федерациясында ғана емес, сондай-ақ бірқатар европалық мемлекеттермен, соның ішінде Украина және Швейцария тарапынан қудалануда, ал Ұлыбританияда ол 22 айға бас бостандығынан айырылған.
Әбіләзовтың сыбайластары 7,5 миллиард доллардан астам қаржыны жымқырған. Әбіләзовты айыптау жөніндегі қылмыстық іс 160-тан аса эпизодтан тұрады және ұлттық тергеу практикасындағы ең күрделі экономикалық істердің бірі болып табылады. Бұл істің әрбір эпизоды жүздеген миллиард теңгені жымқыру немесе жылыстату туралы мәліметтерден тұрады.
2016 жылғы 9 желтоқсанда Франция Республикасының Мемлекеттік Кеңесі (ең жоғарғы әкімшілік құрылым) Ресей Федерациясының экстрадициялық сұранысына сәйкес Әбіләзовты Ресейге беру туралы Франция Премьер-Министрінің шешімін бұзып, оны қамаудан босатты. Ресей Федерациясының бас прокуратурасы бұл мәселе бойынша өз ұстанымын ресми хабарламада білдірді.