Саясат

Қазақстан Әбіләзовтың ісін сотқа дейін жеткізбекші

© AP Photo / Thibault CamusМухтар Аблязов
Мухтар Аблязов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шетелге қашып кеткен бұрынғы банкир Мұхтар Әбіләзов Қазақстанда 7,5 миллиард доллардан астам қаражат қымқырғаны үшін айыпталып отыр.

АСТАНА, 14 жел – Sputnik. Қазақстанның бас прокуратурасы Мұхтар Әбіләзов пен оның сыбайластарының ұсталуы, тергеудің аяқталуы, сот талқылауының әділ өтуі мен келтірілген шығынның өтелуі үшін заңда қарастырылған бүкіл шараларды орындайды деп хабарлады ҚР басты қадағалау ведомствосының баспасөз қызметінде. 

Мұхтар Әбілязов - Sputnik Қазақстан
Саясат
Мәскеу Францияның Әбілязов туралы шешімін саясиландырылған деп санайды

2016 жылғы 9 желтоқсанда Франция Республикасының Мемлекеттік Кеңесі (ең жоғарғы әкімшілік құрылым) Ресей Федерациясының экстрадициялық сұранысына сәйкес Әбіләзовты Ресейге беру туралы Франция Премьер-Министрінің шешімін бұзып, оны қамаудан босатты. Ресей Федерациясының бас прокуратурасы бұл мәселе бойынша өз ұстанымын ресми хабарламада білдірді.

"Қылмыстық іс бойынша тергеу әлі аяқталған жоқ, себебі Әбіләзов пен оның кейбір сыбайластары жасырынып жүр. Қылмыстық іс жүргізу заңының талаптарына сәйкес құқық қорғау органдары айыпталушыға қатысты қылмыстық қудалауды оны сотқа бергенше жалғастыруы тиіс. Сондықтан Бас прокуратура айыпталушыларды ұстауға, тергеуді аяқтауға, істің сотта әділ қаралуын қамтамасыз етуге және келтірілген залалдың орнын толтыруға бағытталған заңмен көзделген барлық шараларды қабылдайды", — делінген хабарламада.  

Естеріңізге салайық, қазақстандық құқық қорғау органдарымен Әбіләзов мүлікті жымқыру және талан-таражға салу, қылмыстық жолмен алынған табыстарды заңдастыру, банк қаражаттарын заңсыз пайдалану, өкілеттіктерді теріс пайдалану, ұйымдасқан қылмыстық топты құрып, оны басқарғаны үшін айыпталған.

Әбіләзовтың сыбайластары 7,5 миллиард доллардан астам қаржыны жымқырған. Әбіләзовты айыптау жөніндегі қылмыстық іс 160-тан аса эпизодтан тұрады және ұлттық тергеу практикасындағы ең күрделі экономикалық істердің бірі болып табылады. Бұл істің әрбір эпизоды жүздеген миллиард теңгені жымқыру немесе жылыстату туралы мәліметтерден тұрады.

Көптеген қылмыстары үшін Әбіләзов пен оның сыбайластары тек Қазақстанда және Ресей Федерациясында ғана емес, сондай-ақ бірқатар европалық мемлекеттермен, соның ішінде Украина және Швейцария тарапынан қудалануда, ал Ұлыбританияда ол 22 айға бас бостандығынан айырылған. 

Жаңалықтар
0