Оқиға

Шахан мен Шахтинсктің бес басшысы қызметте әрекетсіздік танытты деген күдікке ілінді

© Sputnik / Дархан МусинШахан кенті
Шахан кенті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазандықтың жарылу салдарынан он адам қаза тапты

АСТАНА, 5 маусым — Sputnik. Қарағандыда Шахан кентіндегі жылыту қазандығының жарылысы бойынша қылмыстық істің тергеуі аяқталды. Қазір күдікті тұлғалар мен процессуалдық прокурорлар іспен танысып жатыр, оны сотқа жіберуі әбден мүмкін, деп хабарлайды Қарағанды облысының арнайы прокурорлары. 

Қазандық - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шахан жаңғырығы: Қарағанды облысында қауіпті қазандықтар анықталды

Іс бойынша жауапқа бес лауазымды тұлға тартылып отыр. Олар — Шахан ауылының әкімі, оның орынбасары, әкім аппаратының коммуналдық мәселелер жөніндегі бас маманы, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы мен тұрғын-үй секторының бас маманы.

"Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 370-бабының 4-бөлігі бойынша (Қызметтегi әрекетсiздiк) айып тағылып жатыр. Жылыту қазандығын пайдаланудағы өрескел бұзушылықтарға, құрылыс нормалары мен ережелердің бұзылуына қарамастан лауазымды тұлғалар мен жергілікті басқару тұлғалары ұзақ уақыт бойы әрекетсіздік танытып, аталған кемшіліктерді жоймаған", — деп мәлім етті Қарағанды облысы прокуратурасының арнайы прокуроры. 

Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шахандағы жарылыс: іздеудегі от жағушының денесі түзден табылды

Күдіктілер өз кінәларын мойындамай отыр, сондықтан процессуалдық келісім әзірге қарастырылып жатқан жоқ. 

1 қаңтарда Шахан кентіндегі 60 пәтерлі тұрғын үйдің подъездерінің біріндегі жертөледе бу қазандығы жарылды. Подъезд қирады. Он адам қаза тапты. Оқиға орнында бірден тоғыз тұрғын көз жұмған. Кейіннен қыздан үсіп қалған қазаншының жансыз енесі табылды. Ол жазадан қорқып қашып кеткен болатын. Төрт пәтер толық қирады. 


Жаңалықтар
0