АСТАНА, 3 сәуір — Sputnik. Қарағанды облысы Шахан аулындағы бес қабатты үйдің қазандығындағы жарылыс ісі бойынша іздеудегі от жағушының денесі түзден табылды деп хабарлады облыстық ішкі істер департаменті Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Полиция мәліметінше, жергілікті тұрғындар Шахан аулы мен Саран қаласының ортасындағы жапан далада жұмысшының денесін тауып алған. Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Далада қанша уақыт бойы жатқаны белгісіз, бірақ ер адам үсіп өлген деген болжам бар.
"Жұмысшының денесі сараптамаға жіберілді", — деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.