АСТАНА, 22 ақп — Sputnik. Құрамына қадағалау органдары кірген арнайы комиссия Қарағанды облысының Ақтау кентіндегі жеке жылыту қазандықтарының жұмысында көптеген бұзушылықтар анықтады.
Ақтау кентінде 17 жеке қазандық орналасқан, олар 8 көпқабатты үйлерге және 9 бюджеттік мекемелерге (мектептер, балабақшалар және басқа да) жылу береді.
"Тексеріс нәтижесінде көптеген заң бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, қазандық орналасқан бөлмелерде өртке қарсы талаптар орындалмайды, қазандық бөлмелерінде көмір және от жанғыш заттар сақталады, ал өрт сөндіруші құралдар жоқ (өрт сөндіргіштер, өртке қарсы қалқандар). Барлық қазандықтар өлшеу құрылғылары және жабдықтар тексерістерден өткендері туралы арнайы сертификатсыз орнатылғаны және де бөлмелер ішке және сыртқа шығатын механикалық желдеткіштермен жабдықталмаған", — деп мәлім етті Теміртау прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бойынша бөлімнің аға прокуроры Рустам Танышбеков.
Одан басқа, кент тұрғындары өздері қарайтын автономды-жылыту жүйелері орналасқан бөлмелердегі электр желілеріне ревизия жасалмаған, жабдықтар жерге орналастырылмаған.
Автономды-жылыту жүйелерін қолдану үшін берілген жер телімдері заңды түрде рәсімделмеген, қазандық ғимараттары жасалмаған.
Тексеріс нәтижесі бойынша қала прокуратурасы "Теміртау қаласы әкімінің Аппараты" ММ-не прокурорлық қадағалау актісін енгізді.