Оқиға

Шахандағы апатқа ұшыраған үйге модулдік қазандық орнатылды

© Photo : пресс-служба акима Карагандинской областиШахтинскіде апатқа ұшыраған тұрғын үй
Шахтинскіде апатқа ұшыраған тұрғын үй - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Модулдік қазандықтың қуаты 400 кВт

АСТАНА, 7 қаң – Sputnik. 2017 жылы 1 қаңтарда апатқа ұшыраған үйге жаңа модулдік қазандық орнатылды деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімшілігінің ішкі саясат басқармасы.

Өңір әкімшілігінің ақпараты бойынша, Шахан аулында бұзылған үйдің жылу, су және электр жүйесін қалпына келтіру жұмысы күшейтілген режимде жүргізілуде.

"7 қаңтарда арнайы бөлінген жеке аумақта қуаты 400 кВт модулдік қазандық орнатылды. Қазіргі уақытта тұтынушыларды жылумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. 8 қаңтарда үйге толықтай жылу беріледі", — делінген хабарламада.

Шахандағы апат - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Шахан кентіндегі оқиғаға орай жергілікті деңгейдегі ТЖ жарияланды

Сонымен қатар, барлық төрт подьезд электрмен жабдықталып, су құбырлары мен кәріз желілерінің дайындығы тексерілді.

Төртінші қаңтардан бастап өңірде апаттан зардап шеккендерге жәрдем беру қоры жұмыс істеп тұр, көмек беру үшін арнайы шот ашылды. Шахан ауылының халық өкілдерінен қорғаншылық Кеңесі құрылды. Қорға алғашқы сомалар түсуде. Зардап шеккен үй тұрғындарының шығынын төлейтін өтемақы 9 қаңтардан бастап қордан төленеді.  

Жаңалықтар
0