Оқиға

Шахан кентіндегі оқиғаға орай жергілікті деңгейдегі ТЖ жарияланды

© Sputnik / Дархан МусинШахандағы апат
Шахандағы апат - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Билік жерлеу рәсіміне көмекті ұйымдастырып жатыр, қалалар тұрғындары гуманитарлық көмек жинап жатыр.

АСТАНА, 3 қаң — Sputnik. Қарағанды облысы Шахан кентінде орын алған жағдайға байланысты Шахтинск қаласында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды. 

"Шахтинск қаласы әкімінің шешімімен жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланды. Жергілікті атқарушы орган өкілдері қаза болғандарды жерлеу үшін олардың туыстарына көмек көрсетуде", — деді қала әкімінің баспасөз қызметінде.

Жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдайлардың себеп-салдарын тексеру жөнінде облыстық комиссия құрылды. Шахан және бас қалалардың, оның ішінде елорданың да тұрғындары зардап шеккендерге қайырымдылық көмек жинап жатыр. Бұдан бөлек, мерт болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына қаржылай көмек көрсету мақсатында арнайы есеп ашылатын болады. Оның реквизиттерін әкімдік өкілдері кешірек хабарлайды.

Психологиялық көмек көрсету үшін ТЖД құрылымдық бөлімшелері қызу желі телефонын іске қосты: 8 (721 56) 3-24-17.  Билік өкілдерінің ақпараттарына сәйкес, үйдің одан әрі пайдалануға қаншалықты жарамды екендігі арнайы жүргізілген сараптамадан соң белгілі болады. Қазіргі таңда тұрғындар негізінен туыстарының үйлеріне орналастырылды. Бұдан бөлек «Березка» балабақшасында жылынатын және тамақтанатын орталық ұйымдастырылды. 

1 қаңтарда Шахан кентіндегі 60 пәтерлі тұрғын үйдің подъездерінің біріндегі жертөледе бу қазандығы жарылды. Подъезд қирады. Жалпы 15 пәтер зардап шекті. Үйдің аман қалған бөлігінің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіріп, үйіндіні тазалауға кірісті. Соңғы деректерге сәйкес, тоғыз адам қаза тапқан:  үш ер адам, үш әйел кісі, үш бала. Екі бүлдіршін 2016 жылы туылған, біреуі – 2010 жылғы сәби. Екі адам ауруханаға жатқызылды. 2 қаңтар 13:00-де үйіндіні тазарту бойынша негізгі жұмыстар аяқталды. 


Жаңалықтар
0