Қоғам

Самарқан-Астана-"Нұрлы жол" жаңа жүрдек пойызы іске қосылды

CC0 / LoggaWiggler / Самарқан
Самарқан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Пойыз Астананың жаңа вокзалына келетін болады. Бір бағыттық билет бағасы 28 мың теңге тұрады

АСТАНА, 3 маусым — Sputnik. 2 маусым күні көршілес Өзбекстан Республикасы №452 "Самарқан-Астана-Нұрлы жол" халықаралық жүрдек пойызын Қазақстанға салтанатты түрде шығарып салып, қатынас көлігінің алғашқы рейсі Шымкентке келіп жетті, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан әкімі баспасөз қызметі.

пойыз - Sputnik Қазақстан
Экономика
Астана вокзалдарында еріктілер ЭКСПО-ға келген жолаушыларға көмектеседі

Сарыағаш вокзалы арқылы Шымкентте аялдаған жүрдек пойызды шаһар жұртшылығы сән салтанатымен қарсы алып, жолаушыларға сәтті сапар тіледі. Меймандарды күтіп алған ОҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұрлан Байғұт бұл қатынас жолының Қазақстан мен Өзбекстанның өзара мәдени, рухани, экономикалық байланыстары мен туризм салаларын дамытуға нығайтатынын жеткізді.

"Бұған дейін "Алматы-Ташкент" бағытындағы темір жол бағыты ашылса, бүгін "Самарқан-Астана-Нұрлы  жол"халықаралық жүрдек пойызының алғашқы рейсін қарсы алып отырмыз. Бұл санаулы күндерден соң басталатын ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында керемет жаңалық болып тұр. Яғни, бұдай былай, Өзбекстанның ең көне шаһарларының бірі Самарқаннан Астанаға арнайы пойыз жүретін болады. Ұзындығы 2 мың шақырымға жуықтайтын темір жол бағыты аптасына бір күн жүретін болады. Жол бағыты жұма күні Шымкент арқылы Астанаға жол тартса, жексенбіде Шымкенттен Ташкент арқылы Самарқан бағытына жүретін болады", — деді Н.Байғұт.

Алматы-Ташкент жүрдек пойызы бірінші рейске аттанды - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Алматы-Ташкент жүрдек пойызы алғашқы сапарға аттанды

Қос мемлекеттің туризм саласын одан әрі дамытуға атсалысатын жол бағыты бауырлас елдердің мәдени байланыстарын да нығайтады деп күтілуде. Сонымен қатар, жаңа жүрдек пойызы елімізде өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қонақтарды тасымалдауға айрықша атсалыспақ.

Шымкентте аялдаған 20 минут ішінде жолаушылар пойызға қайта отырып, Шымкент темір жол вокзалынан Астана қаласына аттанды.

Айта кету керек, Самарқан-Астана бағытына жол жүру құны 28 мың теңгеге жуықтайды.

Жаңалықтар
0