Қоғам

Алматы-Ташкент жүрдек пойызы алғашқы сапарға аттанды

© Photo : Предоставлено пресс-службой АО "НК "КТЖ"Алматы-Ташкент жүрдек пойызы бірінші рейске аттанды
Алматы-Ташкент жүрдек пойызы бірінші рейске аттанды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы мен Ташкент арасында жүрдек пойыз іске қосылды, ол жолаушыларды Өзбекстанға 16 сағат 30 минутта жеткізеді

АСТАНА, 22 наурыз — Sputnik.  Алматы-2 теміржол вокзалынан Алматы-Ташкент бағыты бойынша жүрдек пойыз алғашқы рейске жіберілді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Пойыз - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Алматы мен Ташкент арасында жүрдек пойыз қатынайды

Пойыз 21 наурзы күні 23:00-де аттанды, межелеген жеріне әлі жеткен жоқ. Пойыз Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік іссапары алдында салтанатты түрде іске қосылды.

Алматы мен Ташкент арасындағы жүрдек пойыз билетінің бағасы: люкс – 13036, бизнес – 11077 теңге, купе – 9342 теңге және отыратын орындар – 4228 теңге.

Пойыз Алматыдан дүйсенбі және сенбі күндері аттандырылатын болады. Жолда Отар, Шу, Тараз, Шымкент, Сарыағаш және Ташкент станцияларына тоқтайды. 

Жаңалықтар
0