АСТАНА, 25 мамыр — Sputnik. 2016 жылы маусымда НАТО Ресей тарапынан болуы мүмкін басқыншылықтан қорғану үшін Балтық елдері мен Польшада төрт батальонның жасақталғанын хабарлаған.
Жақында жүргізілген Sputnik сауалнамасының нәтижелері көрсеткендей, Италия мен Германиядағы (69% мен 60%) респонденттердің басым көпшілігі, француздардың 47%-ы Ресей Польша мен Балтық елдеріне басқыншылық жасамақшы деген пікірмен келіспейді.
АҚШ пен Британия тұрғындарының пікірі қарама-қайшы: АҚШ-та тұрғындардың 55%-ы басқыншылықтың болуы мүмкін дейді, ал Ұлыбританияда — 43%.
Бір қызығы, респонденттердің пікірі олардың білім деңгейлерімен сәйкес келеді. Сонымен, АҚШ-тың жоғары білімді азаматтарының 59%-ы Ресей көрсетілген елдерге басқыншылық жасайды деп санайды. Ұлыбританияның оқыған тұрғындары да сол пікірмен келіседі — 48%.
Алайда білім деңгейі төмен адамдар Ресей басқыншылығына сенбейді — АҚШ-тағы білім деңгейі төмен тұрғындардың 48%-ы Ресейдің Польша мен Балтық елдеріне басқыншылық жасауы мүмкін дейді, ал Ұлыбританияда бұл пікірді ұстанатындар саны 37%.
Еуропа құрлығында жағдай басқаша. Адамдардың білімі жоғары болған сайын, күмәндары да күшейе түседі.
Ресей көрсетілген елдерге басқыншылық жасайды деген пікірмен келіспейтіндер: жоғары білімді француздардың 54%-ы төмен білімді респонденттердің 42%-ына қарсы; 62-65% жоғары білімді немістер 50% төмен білімді немістерге қарсы; орта және жоғары білімі бар 71-72% итальяндар, білімі төмен 60% итальяндарға қарсы.
Саясаттанушы Сұлтанбек Сұлтанғалиевтың пайымдауынша, НАТО-ның Балтия елдеріндегі әрекеті — арандатушы саясаттың мысалы болып табылады.
"Ресейдің әскери доктринасы қорғаныстық сипатқа ие, бірақ мәселе тіпті ресми құжатта да емес, РФ Балтық елдері мен Польшаға қарсы басқыншылық жасауының еш мәні жоқ", — деп пікір білдірді Сұлтанғалиев.
РФ-ның аталған елдерге басқыншылық жоспары туралы қауесетті сарапшы мүлдем ақылға сыймайды деп санайды.