Саясат

Елбасы ҰҚШҰ мен НАТО-ның айырмашылықтары туралы пікір білдірді

© Официальный сайт Президента КазахстанаҚазақстан Президенті мемлекетаралық "МИР" телеарнасына сұхбат берді
Қазақстан Президенті мемлекетаралық МИР телеарнасына сұхбат берді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан басшысы айырмашылықтарды бұл ұйымдардың сипаты мен құрылуындағы міндеттерде көреді

АСТАНА, 10 сәуір — Sputnik. Қазақстан Президенті Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының мерейтойына орай мемлекетаралық "МИР" телеарнасына сұхбат берді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Досым Сатпаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Сәтпаев Қазақстанды ҰҚКҰ-дан шығару туралы ұсынысқа пікір білдірді

Мемлекет басшысы телеарнаның Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі, ұйымның институционалдық дамуы және бұл үдерістерге Қазақстанның қосқан үлесі жөніндегі сауалдарына жауап берді.

Сұхбат барысында Нұрсұлтан Назарбаев өңірдегі жаңа сын-қатерлер мен қауіптерге қатысты өз ойын ортаға салып, оған қарсы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы аясында күресудің ұжымдық шаралары туралы әңгімеледі.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мен НАТО-ның ұқсастығы жөнінде пікір білдіріп, бұл ұйымдардың сипаты мен құрылуындағы міндеттерінің айырмашылықтарына тоқталды.

Жаңалықтар
0