Саясат

Сәтпаев Қазақстанды ҰҚКҰ-дан шығару туралы ұсынысқа пікір білдірді

© Photo : аккаунт Досыма Сатпаева в FacebookДосым Сатпаев
Досым Сатпаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Белгілі қазақстандық саясаттанушы Досым Сатпаев Қазақстанды ҰҚКҰ-дан шығару туралы тезистерді сандырақ деп атады.

Эксперт: вопрос участия в ОДКБ будет решаться с учетом российских интересов
Sputnik Әзербайжан хабарлағандай, кейбір армян сарапшылары Еуразиялық одақ (ЕАЭО) және Ұжымдық Қауіпсіздік Келісім шарт ұйымы қатарынан Қазақстан мен Белоруссияны шығару арқылы бұл құрылымдарда "тәртіп" орнату формуласын ұсынып отыр. 

Олар мұны осы жылғы сәуірде Карабахтағы жағдай ушыққан кезде бұл елдердің қыр көрсетіп, Армения үшін болыспағанымен түсіндіріп отыр. 

Сәтпаевтің сөзіне қарағанда, бұл мәлімдемелер – сандырақ. Өйткені Арменияның өзі ҰҚКҰ құрылымында өзекті ойыншы болмай тұра, іс жүзінде ҰҚКҰ-ны құрушылардың бірі болып табылатын Қазақстанды шығаруды ұсынып отыр. "Қазақстан мен Беларусьті ҰҚКҰ-дан шығару туралы тезис – ол көбіне авантюралық және жүзеге суы шамалы", — деп атап өтті Сәтпаев. 


Жаңалықтар
0