Экономика

Ойлан тап: теңге неліктен қарқынды нығаюда?

© Sputnik / Болат ШайхиновТеңге
Теңге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық экономистер 22 мамырда 2015 жылғы деңгейіне жеткен ұлттық валютаның нығаюына қарама-қайшы баға беріп отыр

АСТАНА, 22 мамыр — Sputnik. Теңге дүйсенбі күні соңғы бір жарым жыл ішінде рекордты нығаю деңгейіне жетті. Қазақстан қор биржасында таңғы сауда-саттық нәтижелері бойынша АҚШ долларының орташа бағамы бір доллар үшін 310,89 теңгені құрады, ал күндізгі сессия бойынша – 310,59 теңге. Сессия нәтижелері бойынша, бағам бір доллар үшін 310,7 теңге деңгейінде тұрақтады.

ақша - Sputnik Қазақстан
Экономика
Қымбаттаған мұнайдың артынан, бірден теңге нығайды

Қазақстандық валютаның рекордты түрде нығаюына мұнай алуды қысқарту туралы хабарламалар аясында мұнай бағасының артуы әсер етуі мүмкін. ОПЕК мүше елдер мен картелден тыс елдердің бәрі мұнай алуды қысқарту бойынша келісімдер мерзімін тағы екі айға созуға келісіп отыр. Ықпал етуі мүмкін тағы бір фактор – импичмент қаупі төніп тұрған АҚШ президенті Дональд Трамптың төңірегіндегі тұрақсыз саяси жағдай.

Sputnik Қазақстан агенттігі үш экономика сарапшысына теңгенің нығаюы туралы басты жұмбақты қойып көрді, мамандардың пікірі әртүрлі болып шықты.

"Теңге 315-318 деңгейіне қайта оралуы мүмкін"

FIBO Group инвестиция консультанты Евгений Слесаревтың пікіріне сүйенсек, Дональд Трампқа төніп тұрған импичмент қаупінің біздің валютаның нығаюына әсер етер ешқандай ықпалы жоқ.

Зейнеткер - Sputnik Қазақстан
Экономика
Мемлекет кепілдік береді: БЖЗҚ шығыны бюджет есебінен өтелмек

"Трампқа төніп тұрған импичмент қаупі Қазақстандағы ахуалға ықпал етеді деп ойламаймын, бұл доллардың жан-жақты әлсіреуінен болар. Біз доллардың еуроға және Британ фунтына қатысты әлсірегенін байқап отырмыз, Ресей рубліне қатысты да дәл осы мәселе туындаған. Бұл жерде ресейлік рубль теңге үшін "озық үлгідей" болып отырғандықтан, көп әсерін тигізген шығар", — деп пікір білдірді Слесарев Sputnik Қазақстан агенттігіне.

"Сәрсенбі күні ФРЖ-мен соңғы отырысқа қатысты коммюнике өткіземіз, егер ФРЖ-нің ақша саясатында әлсіздік танытып отырғаны расталатын болса, теңгенің тағы біраз нығаюына куә боламыз. Егер саясаты бұрынғы қалпында сақталған болса, доллар жан-жақты реттеле бастайлы, сонда теңге 315-318 деңгейіне қайта оралады", — дейді сарапшы.

Сонымен қатар, сарапшының пікірінше, ОПЕК мүше елдердің мұнай алу көлемін қысқарту жөніндегі келісімі теңгенің нығаюына тікелей әсер етуші фактор болып отыр.

"Теңге асыра бағаланған"

Экономист Мағбат Спановтың пікірі мүлдем қарама-қайшы: ОПЕК қатысушыларының "қара" алтынды қысқарту жөніндегі келісімі теңгенің нығаюына әсер еткенімен, басты себеп ол емес.

"Ол бізге байланысты емес. Теңгенің нығаюы доллардың әлсіреуі есебінен жүреді. Жуық арада жағдай реттеледі деп ойлаймын – оған екі айдай кететін шығар. Бұл жерде басқа факторлардың маңызы зор (мұнай бағасының өсуі), көбінесе сыртқы саяси факторлар. Олардың Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ", — деп көзқарасымен бөлісті Спанов.

Оның пайымдауынша, теңге асыра бағаланған және ұлттық валютаның өсуіне ешқандай негіз жоқ.

Қашаған - Sputnik Қазақстан
Экономика
Қазақстан мұнай алу көлемін қысқарту туралы ОПЕК келісімін бұзды

"Біз көріп отырғандай, кейбір тауарлар тобы көбірек өндірілуде, біз елдегі экономикалық ахуалды біршама жақсарттық. Біз әлі күнге дейін мұнай бағасына тәуелдіміз. ОПЕК мүше елдердің келісімді ұзартуы, әлбетте, маңызды фактор. Бірақ мынаны ұмытпайық, Трамп экологиялық жабық аумақтарда, оның ішінде Аляскада мұнай алуға рұқсат беріп отыр, тақтатас мұнайын алу қарыштап дамып келеді, олар өзіндік құнын төмендету жолын тапты, қазір 50-ден төмен, тіпті барреліне 40 доллар баға жарамды дейді, олар осындай бағамен нарыққа қысым жасайтын болады", — деп санайды Спанов.

"1 теңгенің әрі-берісі жоқ"

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтың кеңесшісі Айдархан Құсайынов теңгенің нығаюына мысқылмен қарайды. Және оны дабырайтып сөз қылудың еш қажеті жоқ деп санайды.

"Білесіз бе, бұл нарық. Шыны керек, қандай фактордың әсер еткенін білмеймін: ипичмент пе, әлде келісім мерзімінің ұзартылуы ма? "Сүйір тұмсықтылар жалпақ тұмсықтыларға қарсы". Олар бірігіп әсер еткен шығар немесе ешқайсының ықпалы болмаған шығар. Қозғалыс мынау — 1 теңге — 0,3 пайыздан кем, оны несіне сөз қыламыз. Доллар мен еуроның ауытқу аясы одан да кең", — деп пікір білдірді Құсайынов.

Дәл осындай теңге бағамы — бір доллар үшін 310,57 теңге дейінде —күндізгі KASE сауда-саттық нәтижесі бойынша соңғы рет 2015 жылғы 10 желтоқсанда болған.

Жаңалықтар
0