АСТАНА, 2 жел — Sputnik. Қазақстан қор биржасындағы таңғы сауда сессиясында АҚШ долларының орташа есептегі бағамы жұма күні $1 үшін 334,34 теңге деңгейінде тұрақтады, бір күн бұрын бұл көрсеткіш 342,03 теңге болатын деп хабарлады биржа.
Brent маркалы мұнай бағасы 2 қарашадан бері алғаш рет бір баррель үшін 48 доллар мөлшерінен асып түсті. Белгілі болғандай, бейсенбі күні Қазақстанның тұңғыш президенті күнін атап өтуге байланысты KASE-де сауда жүргізілген жоқ.
Доллар бойынша сауда көлемі сәрсенбі күні таңертеңгі мөлшердегі 36,2 миллион долларға қарсы жұма күні 57 миллион долларды құрады.
ОПЕК-тің сәрсенбі күнгі бекіткен келісім бойынша, 2017 жылы 1 қаңтардан бастап мұнай алу көлемі күніне 1,2 миллион баррелден қысқартылып, 32,5 миллионға дейін жеткізіледі.