Экономика

Мемлекет кепілдік береді: БЖЗҚ шығыны бюджет есебінен өтелмек

© Sputnik / Кирилл Брага / Медиабанкке өтуЗейнеткер
Зейнеткер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Заңнамаға сәйкес, бүкіл зейнетақы қаражатынан айырылған күннің өзінде БЖЗҚ банкротқа ұшырамайды

АСТАНА, 22 мамыр — Sputnik. Мемлекет инфляция деңгейіндегі кірісті есепке ала отырып, қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік береді, деп мәлімеді "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Сәуле Егеубаева.

Ақша - Sputnik Қазақстан
Экономика
Абаев Әзербайжан банкіне салынған БЖЗҚ қаражаты туралы пікір білдірді

"Мемлекет инфляциядан төмен емес деңгейдегі инвестициялық кірісті есепке ала отырып, зейнетақы жинақтарына кепілдеме береді", — деді Егеубаева брифингте. — "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы инфляциядан төмен емес деңгейдегі инвестициялық кірісті есептеп, салымшыда зейнетақы алар кезге дейін жиналған сомамен салыстырады. Егер сома жинақтан асып кетсе, салымшыынң инвестициялық кірісі инфляция деңгейінен төмен деген сөз, демек республикалық бюджет есебінен тиісті сома төленетін болады".

Бір сөзбен айтқанда, егер БЖЗҚ ақшасынан айырылар болса, ол мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі. Бұл "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" заңда қарастырылған.

Жаңалықтар
0