Экономика

Абаев Әзербайжан банкіне салынған БЖЗҚ қаражаты туралы пікір білдірді

© Sputnik / Болат ШайхиновАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дәурен Абаев қазақстандықтарды зейнетақы қаражаттары туралы алаңдамауға шақырады, өйткені олар мемлекеттік кепілдемемен қорғалған

АСТАНА, 19 мамыр — Sputnik. Банкротқа ұшыраған Әзербайжан халықаралық банкіне салынған қазақстандықтардың жинағы мемлекеттік кепілдемемен қорғалған.

Бақыт Сұлтанов - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қаржы министрі БЖЗҚ мәселесіне қатысты пікір білдірді

"Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр, анық-қанығы жарияланып, қоғам назарына ұсынылады. Қазақстанда зейнетақы жинақтарына мемлекеттік кепілдеме бар, оны ешкім алып тастаған жоқ, ол жерде тіпті инфляция да ескеріледі. Соныдықтан, зейнетақы алуы тиіс азаматтар міндетті түрде алады. Оған ешқандай күмән жоқ, ешкім алаңдамасын", — деп мәлімдеді ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Хабар телеарнасындағы "Открытый диалог" жобасында.

Министрдің айтуынша, тиісті тексеру нәтижесінде мұндай инвестициялардың дұрыс-бұрыстығы анықталады.

"Тағы бір мәселе, осы ақшаны дұрыс салдық па? Бұл мәселе қазір ерекше бақылауда, тиісті тексеру жүргізіліп жатыр", — делінген хабарламада.

Жаңалықтар
0