Саясат

Қаржы министрі БЖЗҚ мәселесіне қатысты пікір білдірді

© Photo : Служба центральных коммуникацийБақыт Сұлтанов
Бақыт Сұлтанов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан банкроттығын жариялаған Әзербайжан халықаралық банкіне 71 миллиард теңгеден астам зейнетақы ақшасын салған

АСТАНА, 18 мамыр — Sputnik. ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Әзербайжан халықаралық банкіне қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын салған Қазақстанның Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты мәселе бойынша пікір білдірді.

Ақша - Sputnik Қазақстан
Саясат
СІМ: БЖЗҚ мәселесі бойынша Астана Бакумен ынтымақтасуға дайын

Оның берген мәліметіне сүйенсек, ведомство БЖЗҚ қаражатын бөлумен айналысатын кеңестің мүшесі болып табылады.

"Бұл менеджменттің жауапкершілігі ғой, әрине, қарастырылады. Біз бұл туралы жеке баяндаймыз", — деп жауап берді Сұлтанов БЖЗҚ қаражатын Әзербайжан банкіне салу туралы мәселеге қатысты пікірін сұрағанда.

Бұдан бұрын "Ақ жол" және Қазақстанның коммунистік халық партиясы қазақстандықтардың зейнетақы жинағын инвестициялауға шешім қабылдаған БЖЗҚ лауазымды тұлғаларын жазалауды талап еткен болатын.

Жаңалықтар
0