АСТАНА, 18 мамыр — Sputnik. Қазақстан сыртқы істер министрлігі сәйкес сұратулар туындаған жағдайда Әзербайжанмен белсенді түрде ынтымақтасатын болады, деп хабарлады ҚР СІМ басшысы Қайрат Әдірахманов Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты мәселе жайында пікір білдіріп.
Министр айтып өткендей, Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосы шетелдегі мекемелері арқылы ҚР ұлттық мүддесін де, қандайда бір қиындыққа тап болған қазақстандықтардың құқықтарын да қорғау бойынша белсенді жұмыс атқаруда.
"Бұл жерде осындай қиын жағдайға тап болған Әзербайжан банкіне инвестицияланған зейнетақы жинағы туралы сөз болып отыр. Біз сұратулар түскен бойда дипломатиялық каналдар арқылы Әзербайжан Республикасының тиісті құрылымдарымен белсенді түрде өзара әрекет ететін боламыз", — деді Әбдірахманов бейсенбі күні брифингте.
Қазақстан БЖЗҚ Әзербайжан халықаралық банкіне 71 миллиард теңгеден астам зейнетақы ақшасын салған болатын. Кейін банк борыштың құрылымын қайта қарау үшін банкроттық процедураларын бастағанын мәлімдеді.