АСТАНА, 18 мамыр — Sputnik. Көлік прокуратурасы полиция мен әуе компаниясының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов арасында туындаған инцидент бойынша материалдарды зерделеп жатыр. Заң бұзушылықтары анықталған жағдайда тиісті әсер ету шаралары қолданатын болады, деп хабарлады ҚР бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.
Прокуратурада да Астана-Ақтөбе рейсін орындаған BEK Air әуе кемесінде дабылдың іске қосылғанын түсіндірді. Бұл 17 мамыр күні сағат 23.41-де орын алған.
18 мамыр күні сағат 01.09-да әуе оқиғаларын тексеру жөніндегі басқарма қызметкері Алматы қаласындағы орналасу әуе жайына әуе кемесін техникалық ұшуға рұқсат берген. Алайда ондай ұшуға рұқсатты заңнамаға сәйкес, авиациялық оқиғаны тексеру жөніндегі комиссия беруге құқылы. Өйткені "Бэк Эйр" АҚ әуе кемесімен болған жағдай тексеруге жатады.
Ол кезде өкілетті органдардың әуежайға келмеуіне, комиссияның құрылмағанына байланысты Астананың әуе прокуратурасы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеу мақсатында, оқиғаның барлық мән-жайын анықтағанға дейін, техникалық ақаулығы бар әуе кемесін ұшуға рұқсат бермеу туралы шешім қабылдаған. Өз кезегінде, ІІЖБ Астана әуежайындағы апаттық қону дерегін ҚР ҚК-нің 344-бабының 1-бөлімі әуе кемесі жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеді", — делінген ресми мәлімдемеде.
Тексеру аясында полиция қызметкерлері көлік құралын тексеріп, оны жапсарлап қойған. Өйткені ұшақ тергеу нысаны болып табылады. Сонымен қатар "Қазаэронавигацияға" кемені ұшыруға тыйым салу туралы талап жолданған.
"Аталған бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасы инвестиция және даму министрлігіне хат жолданды. Ұшақтың кейінгі тағдыры туралы шешімді азаматтық авиация саласындағы өкілетті орган қабылдайтын болады", — деп түйді ҚР бас көлік прокуратурасында.
BEK Air компаниясы болған оқиғаны "шектен шыққандық" деп атап, әуе кемесінің тұрғаны әуе компаниясына 120 АҚШ доллары көлемінде зиян келтіргенін хабарлады.
Бұдан бұрын рейстердің алынып тасталуына байланысты әуе компания жолаушылары қиын жағдайда қалғаны хабарланған. Жалпы бейсенбі күні BEK Air компаниясының үш рейсі кейінге қалдырылды. Ұшулар мен ұшып келу таблосына сәйкес, Z92105 Алматы – Атырау, Z92106 Атырау – Алматы, Z92014 Ақтобе – Алматы (Астана арқылы) рейстері кейінге қалдырылды. Рейстердің кейінге қалдырылу себебі, болжам бойынша, BEK Air әуе компаниясының басшысы Нұрлан Жұмасұлтановтың қатысуымен болған оқиға болуы мүмкін.