АСТАНА, 18 мамыр — Sputnik. Бейсенбі күні BEK Air әуе компаниясының рейстерінің кешігуі мен Астана әуе жайында орын алған жағдайдың себебі ішкі істер желілік бөлімі және көлік прокуратурасы жүзіндегі құқық қорғау органдарының "шектен шыққандығы" болды, деп мәлім етті Sputnik Қазақстанға BEK Air әуе компаниясының өкілі Нұрлан Жұмасұлтанов.
Елордалық әуежайда орын алған оқиғаны түсіндірген, әуе компания өкілінің айтуынша, кеше ұшақ түнгі он екілерде кесте бойынша Астана-Ақтөбе рейсімен ұшқан, алайда ұшқан сәтте кабинада тұрақтардың бірі жайсыз жайғасты деген дабыл соғылды. Нәтижесінде командир қайта оралып, ал жолаушыларды басқа ұшақпен жөнелту туралы шешім қабылдаған. Дабыл ойнаған әуе кемесін Алматыға апару ұйғарылған.
"Алматыға бос кемені ұшыру туралы шешім қабылданған, өйткені ол жақта техникалық қызмет бар. Азаматтық авиация комитеті мен әуе оқиғаларын тергеу жөніндегі басқарма түнгі екілерде ұшуға рұқсат берген. Егер ұшақ ұшып кеткенде бүгінгі жиналып қалған кешіктірулер болмас еді. Экипаж ұшуға келді. Қозғалтқыштары іске қосуды сұрадық, бізге рұқсат бермеді. Содан кейін прокурормен бірге ІІЖБ қызметкерлері жетіп келді. Мен сол ұшақпен ұшпақ болдым. Криминал болған жоқ. Бірақ олар ұшақ жапсырылған деп, мені ұшақтан күштеп шығармақ болды", — деді Жұмасұлтанов агенттікке берген сұхбатында. Оның сөзіне қарағанда осы уақытқа дейін болған оқиғаға жауапты адамды таба алмай жатыр екен.
Өкілдің айтуынша, нәтижесінде ұшақтың ұша алмай жатқанына жарты күн болыпты.
"Ұшақтың тұруы сағатына 10 мың АҚШ долларына шығады, біздің тұрғанымызға 12 сағат болды. Шығын 120 мың долларға жетті. Біз сотқа береміз, өйткені бұл барып тұрған озбырлық. Бізге бүкіл шығынымызды өтеулерін талап етеміз. Бұл шектен шыққандықты тоқтату керек. Барлығы бұдан жапа шегуде", - деп қосты әуе компания өкілі.
Бұдан бұрын рейстердің алынып тасталуына байланысты әуе компания жолаушылары қиын жағдайда қалғаны хабарланған. Жалпы бейсенбі күні BEK Air компаниясының үш рейсі кейінге қалдырылды. Ұшулар мен ұшып келу таблосына сәйкес, Z92105 Алматы – Атырау, Z92106 Атырау – Алматы, Z92014 Ақтобе – Алматы (Астана арқылы) рейстері кейінге қалдырылды. Рейстердің кейінге қалдырылу себебі, болжам бойынша, BEK Air әуе компаниясының басшысы Нұрлан Жұмасұлтановтың қатысуымен болған оқиға болуы мүмкін.