Оқиға

BEK Air оқиғасына қатысты тексеру басталды – ҚР ИДМ

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуҰшақ
Ұшақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Арнайы комиссия BEK Air компаниясымен болған оқиғаның мән-жайын нақтылайтын болады

АСТАНА, 18 мамыр — Sputnik. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен аталмыш оқиғаны тексеру жөніндегі комиссия тағайындалды. Тексеру қорытындыларын қосымша хабарланатын болады.

"Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидасының талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы аумағында болған әуе кемесінің авиациялық оқиғасын тексеру жөніндегі комиссия тексереді. Комиссияны құруға бастапқы хабарлама негіз болды. "Бек Эйр" компаниясының өкілінен авиациялық оқиға жайлыалғашқы мәлімдеме Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаментіне келіп түсті", — деп хабарлады ведомствода.

Bek Air әуе компаниясы ұшағының салоны - Sputnik Қазақстан
Оқиға
BEK Air компаниясы ұшақтардың кешіктірілуін "шектен шыққандық" деп атады

ҚР ИДМ ресми түрде хабарлағандай, 2017 жылдың 17 мамыр күні сағат 17.15-те (UTC) тіркеу нөмірі UP-F1009 Фоккер-100 әуе кемесі, БЕК2013 рейсімен "Бек Эйр" АҚ эксплуатанты Астана-Ақтөбе бағыты бойынша ұшпақшы болған. Ұшақ Астана әуежайынан көтерілгеннен кейін экипаж сол жақ негізгі шасси тағанын алып тастамағаны жайлы белгі беріп, әуежайға қайта оралу туралы шешім қабылдады. Әуе кемесі сағат 17.49-да (UTC) әуежайға қайта аман-есен қонған. Әуе кемесінің бортында 6 экипаж мүшесі, 108 жолаушы болған.

BEK Air компаниясы болған оқиғаны "шектен шыққандық" деп атап, әуе кемесінің тұрғаны әуе компаниясына 120 АҚШ доллары көлемінде зиян келтіргенін хабарлады. 

Бұдан бұрын рейстердің алынып тасталуына байланысты әуе компания жолаушылары қиын жағдайда қалғаны хабарланған. Жалпы бейсенбі күні BEK Air компаниясының үш рейсі кейінге қалдырылды. Ұшулар мен ұшып келу таблосына сәйкес, Z92105 Алматы – Атырау, Z92106 Атырау – Алматы, Z92014 Ақтобе – Алматы (Астана арқылы) рейстері кейінге қалдырылды. Рейстердің кейінге қалдырылу себебі, болжам бойынша, BEK Air әуе компаниясының басшысы Нұрлан Жұмасұлтановтың қатысуымен болған оқиға болуы мүмкін. 


Жаңалықтар
0