Қоғам

Өлтірілген Өркен Азаматұлының өгей шешесі сотта өз уәжін айтты

© Sputnik / Серикжан КовланбаевБаланы өлтірді деген айып тағылып отырған Шәрипа Ақбердиева
Баланы өлтірді деген айып тағылып отырған Шәрипа Ақбердиева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
11 жасар Өркен Азаматұлын өлтіру ісі бойынша бас күдікті Шәрипа сотта баланы өлтіру туралы ешкімге нұсқау бермегенін мәлімдеді

АСТАНА, 18 мамыр — Sputnik, Данияр Дәуітәлиев. 11 жасар өгей баласын өлтірді деген айып тағылып отырған Шәрипа Ақбердиева Алматы облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан.

Темір Акбердиев - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Прокурор Алматыдағы оқушының өліміне қатысты мән-жайды ашты

Ең алдымен сот алдында өзге күдікті – басты сотталушының қызы Айдана Ақбердиева жауап берген. Ол Өркен Азаматұлын өлтіру туралы Шәрипа Ақбердиевадан естігенін айтты. Оның сөзіне қарағанда, анасы өз ұлы Темірлан Ақбердиев пен оның егей інісі Қадаржан Ғұламовты қылмысқа мәжбүрлеген. Өз кезегінде Шәрипа Ақбердиева бәрін жоққа шығарып отыр. Ол баланы өлтіру туралы ешкімге нұсқау бермегенін мәлімдейді. 

"Егер мен оларға қысым көрсетіп, қорқытып, өлтіруге мәжбүрлеген болсам, онда мына үш бала бұл жерде тұрмас еді. Мұнда мен жалғыз өзім тұрар едім. Мен Өркенді қашан және қайда өлтіргендерін мүлдем білмеймін. Мен шамамен жарты сағаттай базарда болдым. БИОС, сүт сатып алдым. Мен үйге келгенде ол тірі болатын, сабағын орындап отырған. Мен оған Темір мен Қадырға көмектес деп айтқан жоқпын. Мен екпе салдырып, жатып қалғанмын. Сағат 18.30 шамасында оянып, Өркен қайда деп сұрадым, Темір ол кетіп қалды деді. Мен ол кетіп қалған екен деп, Темірге сендім", — деді Шәрипа Ақбердиева. 

Жасөспірім - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Алматыдағы оқушы өлімі: бала өгей шешесін "мама" деп атаған

Сот отырысы сотталушылар арасындағы ұзақ жанжалға ұласты, сол себепті судья процесстің ертең сағат 11-де жалғасатынын жариялады. 

Сотталушылар 5 адам: өлтірілген баланың анасы Шәрипа Ақбердиева, оның балалары — Темір мен Айдана, Темірдің өгей ағасы — Кәдіржан Гүләмов, сонымен бірге Руслан Мүтәлиев. 


Жаңалықтар
0