Қоғам

Алматыдағы оқушы өлімі: бала өгей шешесін "мама" деп атаған

CC0 / / Жасөспірім
Жасөспірім - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаза тапқан оқушы Өркен Азаматұлының әжесі сотта айтып бергендей, немересі өгей шешесін "мама" деп атаған екен

АСТАНА, 15 мамыр — Sputnik. Алматы облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта он бір жасар оқушының өлімі ісі бойынша басты сот талқылауы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілішісі сот залынан.

Алматыдағы оқушы өлімі: сотталушылар алқабилер сотынан бас тартты - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Алматыдағы оқушы өлімі: сотталушылар алқабилер сотынан бас тартты

Бүгін сотта куәгерлерден жауап алынды — Өркеннің әжесі Бағдагүл Есенбекова мен әкесі Азамат Кемпірбаев.

Баланың әжесі айтып бергендей, Өркеннің өгей шешесі Шәрипа Ақбердиева ұлымен ұрыс-керісте болған.

"Балама айттым, Шәрипа бірдеңе ойластырып жүр дедім. Ол оны өзімен татуласқысы келіп жүр деп ойлады. Пәтерімізге ұлдар да келіп кеткен — Темір Ақбердиев пен Кәдіржан Гүләмов, олар су сұрады, бірақ мен есікті ашпай қойдым", — дейді Есенбекова.

Оқушының әжесі Шәрипаның ересек балалары барын білмепті әрі, әжейдің сөзіне сүйенсек, Өркен өгей шешесін "мама" деп атаған екен.

"Ол келген кезде, мамам келді дейтін", — деп атап өтті оқушының әжесі.

Баланың әкесі Азамат Кемпірбаев берген жауабында Шәрипа Ақбердиева Өркенді қызғаныштан өлтірді деп топшылады, өйткені отбасы ажырасудың аз-ақ алдында жүрген екен. Сотталушы әйел бұл айыптаулармен келіспейтінін мәлімдеді.

қылмыстық іс - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматылық оқушы өлімі бойынша іс сотқа жіберілді

Бағдагүл Есенбекованың мүддесін қорғаушы адвокат Айман Омарова сотта хабарлағандай, егер баланың өгей шешесі айыпты деп танылса, жиырма жылға сотталады немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылады.

Айта кетейік, Өркен Азаматұлы 19 қаңтар күні сабақтан шығып, үйіне оралмаған. Полицияға баланың жоғалып кеткені туралы оның әжесі арыз жазады. Кейінірек, баланың денесі табылған болатын. Өркенді өлтірді деген күдікке оның өгей шешесі ілініп отыр.

Сотталушылар 5 адам: өлтірілген баланың анасы Шәрипа Ақбердиева, оның балалары — Темір мен Айдана, Темірдің өгей ағасы — Кәдіржан Гүләмов, сонымен бірге Руслан Мүтәлиев.

Жаңалықтар
0