Оқиға

Алматылық оқушы өлімі бойынша іс сотқа жіберілді

© Sputnik / Табылды Кадырбековқылмыстық іс
қылмыстық іс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
11 жасар баланы өлтірді деген күдік оның өгей анасы және балаларына келтіріліп отыр

АСТАНА, 2 мамыр — Sputnik. Алматыда өгей баласын өлтірді және ұйымдастырды деген күдік келтірілген өгей ананың ісі сотқа жіберілді, бұл ақпарат "Сот кабинеті" ақпараттық сервисінде жарияланды. 

Іс Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотына бүгін, 2 мамыр күні жолданды. Процесс Берікжан Байжүнісовтің төрағалығымен өтеді. 

Сотталушылар қатарында өлтірілген баланың анасы Шарипа Ақбердиева мен оның балалары Темір Ақбердиев және Айдана Ақбердиева,Темірланның өгей ағасы Қадыржан Гулямов, сонымен қатар Руслан Мусталиев бар. 

Алматы мектептерінің бірінде 6-сыныпта оқитын Өркен 19 қаңтарда жоғалып кетті: ол сабақтан шығып, үйіне оралмаған. Әжесі сол күні кешке баланың жоғалғаны туралы полицияға арыз жазыпты.

Кейінірек Өркеннің денесі Наурызбай ауданындағы саяжайлардың бірінің жертөлесінен табылды. Бастапқы мәлімет бойынша, баланы тұншықтырып өлтірген және бірнеше мәрте пышақ жарақатын алған екен. Аса ауыр қылмыстың ізін жасыру үшін күдіктілер жалға алған үйдің жертөлесіне баланың денесін көміп кетіпті. 

Баланы ұрлап өлтіруді ұйымдастырды деген күдікпен оның 36 жастағы өгей шешесі ұсталды. Тергеу барысында анықталғандай, қылмысқа қатысы бар болуы мүмкін тағы төрт адам ұсталған. Тергеу болжамы бойынша, Шарипа Ақбердива күйеуінен осылайша кек алмақ болған. Бұдан бөлек, жауап алу кезінде бұдан бұрын әйел енесін өлтіруді жоспарлағаны белгілі болды. 


Жаңалықтар
0